
Жетісу облысы Панфилов ауданының Жаркент қаласында блок-модульдік конструкция типі бойынша тұрғызылған республикадағы екінші жедел және шұғыл медициналық көмек кіші станциясы ашылды.
"Біздің аудан үшін бұл өте үлкен оқиға. Станция қызметкерлерінің қазір өз ғимараты бар. Бұл ауданның 125 000 тұрғынына алғашқы қажетті көмекті уақтылы көрсетуге септігін тигізеді. Өз ғимаратының болуы станция қызметкерлерінің жұмыс сапасын арттыруға да әсер етеді деп үміттенеміз", - дейді аудан әкімі Марат Сағымбек.
Жетісу облысында денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Ағымдағы жылы қолданыстағы объектілерді күрделі жөндеуге және жаңа объектілерді салуға 3 млрд теңге бөлінді. Өңірде КБА типі бойынша осындай екі кіші станция бар. Олардың бірі ағымдағы жылдың қыркүйек айында Ескелді ауданы, Қарабұлақ кентінде ашылды. Екіншісі, Панфилов ауданының Жаркент қаласында есігін айқара ашты.
Жетісу өңірі медициналық ұйымдарды орналастыру үшін блоктық-модульдік конструкцияларды салу тәжірибесін алғашқылардың қатарында.
Айта кетейік, объекті "Дені сау ұлт" сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" жобасының басты міндеттерінің бірі шеңберінде құрылған.
Тәулігіне жаңа кіші станцияда аға фельдшер, аға жүргізуші және 5 желілік жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейтін болады.