
Екі фельдшер Қызылорда облысы Арал ауданының Сексеуіл ауылында қыз баланың аман-есен дүниеге келуіне көмектесті, әйелді жедел жәрдем көлігінде босандырды. Жолда боран соқты. Кіндікбаудың мойынға оралуы мен далалық жағдайларға қарамастан, дәрігерлер өз міндеттерін өте жақсы орындады.
Кешке қарай 103-ке Сексеуіл елді мекенінен шақырту келіп түсті, шақыртудың себебі «39 апталық жүктілігі бар әйелдің ішінің ауыруы», 3-ші шақырту санаты. Шақырту фельдшерлер Қ. Оразғалиева мен М. Орынбаевтан тұратын фельдшерлік бригадаға берілді.
Тексеру кезінде әйел толғақ тәрізді іштің төменгі жағының ауырсынуына. Жоғарыда аталған шағымдар 2-3 сағат бойы мазалаған, жедел жәрдем бригадасын шақырған.
Әйелді стационарға тасымалдау кезінде, Арал қаласына жетпей, әйелдің толғағы жиілеп, босана бастады. Қағанақ суы кетіп, ұрықтың басы шығып, әйел босанды. Салмағы шамамен 3 кг, бойы 50 см болатын қыз дүниеге келді.
Баланың мойнына кіндікбауы оралған. Бала бірден жылады. Апгар шкаласы бойынша баланың жағдайы 7-8 балл.
Кіндігі өңделді. Жылу тізбегі сақталған. Әйел мен бала жылы оралып, Арал КАА қабылдау бөлімшесіне жеткізілді.
Босануды фельдшерлер Қамшат Оразғалиева мен Манасбек Орынбаев қабылдады. Қамшат осы жағдайға дейін барлығы 5 әйелді босандырды. Жалпы жұмыс өтілі 16 жыл, жоғары санатты фельдшер.