АСТАНАДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ КЕҢ СПЕКТРІ БАР ЖАҢА ЕМХАНА АШЫЛДЫ

АСТАНАДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ КЕҢ СПЕКТРІ БАР ЖАҢА ЕМХАНА АШЫЛДЫ

Кеше Мемлекет басшысына Астананың қарқынды дамып келе жатқан ауданында салынған жаңа заманауи емхана таныстырылды.

«City» емханасының жаңа филиалы 30 мыңға дейін пациентті бекітуге арналған, бұл медициналық қызметтердің кең спектрін қамтамасыз етеді және басқа да бастапқы буындағы медициналық ұйымдарға жүктемені азайтады.

Емхананың бірегейлігі - онда маммологиялық орталық жұмыс істейді, онда пациенттер сүт безі ауруларын кешенді диагностикалаудан және емдеуден өте алады. Бұл маммологиялық орталықтың ерекшелігі - жоғары кәсіби мамандардың және бірегей диагностикалық технологиялардың болуы, мысалы: томосинтезі бар цифрлық маммография, дәстүрлі және вакуумдық аспирациялық биопсия әдістері, хирургқа қатерлі ісіктерді алып тастау жолын көрсететін локализациялық инелерді орнату.

Сонымен қатар, емханада маммологиялық операцияларды да, басқа да хирургиялық араласуларды жүргізу үшін барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған амбулаториялық хирургия орталығы жұмыс істейтін болады.

«Қаланың барлық қолда бар емханаларының жоспарлы қуаты бір ауысымда 11 мың адамды құрайды, бұл ретте нақты қаралушылардың саны - 2 есеге жуық 19 мыңды құрайды. Қазірдің өзінде бізде 5 толыққанды амбулаториялық-емханалық кешеннің тапшылығы бар, ал халықтың жыл сайынғы өсуін ескере отырып, бұл қажеттілік өсетін болады. Осыған байланысты, алдағы 3 жылда біз 15 емхана, оның ішінде 12 жеке емхана ашуды жоспарлап отырмыз», - деді елордалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова.

Бүгінгі таңда елорда тұрғындарына амбулаториялық көмекті 1,5 млн. адамға қызмет ұсынатын 44 емхана көрсетеді.

Ел көлемінде халыққа 5617 МСАК объекті қызмет көрсетеді, оның 5026-сы ауылдық жерлерде орналасқан. МСАК берушілердің жалпы санының арасында жеке емханалардың үлесін (47%) ұлғайту есебінен нарықта бәсекелестік өсуде, тиісінше сапа артып, сервис жақсаруда. 

Соңғы үш жылда бастапқы буынды қаржыландыру айтарлықтай өсті, ол бүгінде ДДҰ ұсынған 60% кезінде жалпы бюджеттің 56%-ын құрайды. Биылғы жылы 90 млн-нан астам емханаға қаралу тіркелді, бұл өткен жылғы жүгінуден 10%-ға артық және 700 мыңға жуық медициналық қызмет көрсетілді.