АСТАНАДА «ALTYN SHIPAGER» ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

АСТАНАДА «ALTYN SHIPAGER» ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында еліміздің медицина қызметкерлері үшін жылдың басты оқиғасы – «ALTYN SHIPAGER» Ұлттық медициналық сыйлығын тапсыру өтті. Өз бағыттары бойынша саланың үздік мамандары, үздік дәрігерлер, ғалымдар, оқытушылар, провизорлар, мейіргер қызметінің қызметкерлері және отандық медицинаның басқа да өкілдері грамоталармен, сертификаттармен марапатталды және Министрдің және форумның құрметті қонақтарының қолынан статуэткалар алды.

Салтанатты рәсімнің басында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова еліміздің барлық медицина қызметкерлеріне үлкен алғысын білдіріп, олардың табыстарын, қоғам игілігі үшін қажымас еңбегін, Денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерін атап өтті.

«Сіздің еңбегіңіздің арқасында халықтың денсаулығы жақсарды, өлім азайды, орташа өмір сүру жасы ұзартылды, мыңдаған адамның өмірі сақталды. сізге қажымас еңбегіңіз үшін үлкен алғыс айтамын!»,- деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният әріптестеріне. Ол денсаулық сақтау жүйесінің жетістіктеріне жеке тоқталды.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған жаңа технологиялар кеңінен енгізілуде.

Биылғы жылы емханаларға 90 млн келуші тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға артық. Пациенттерге 300 млн. астам консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілді, 1 млн.астам адам қамтылды, оның ішінде қымбат диагностикалық қызметтері бар КТ/МРТ», - деді министр.

Ол профилактикалық медицинаның рөлін атап өтті, кәсіби тексеру шеңберінде  3 млн. жуық ересек халық қамтылды, 4 млн.жуық қазақстандық тегін амбулаториялық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді. Қалалық жерде 78 алғашқы көмек объектісі салынды, 80 объекті жөнделді.

«Бүгінгі таңда медициналық-санитариялық алғашқы көмекті 110 мыңнан астам медицина қызметкері, оның ішінде 34 мың дәрігер көрсетеді!

Алдыңғы қатарда тұрған, күн сайын мыңдаған пациенттерге қол ұшын созбай көмек көрсететін медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметкерлерінің еңбегі әрқашан зор», - деп атап өтті ведомство басшысы.

 Министр ауылдық денсаулық сақтау саласына ерекше назар аударды.

«Өткен жылдан бастап ауыл тұрғындары кеңейтілген профилактикалық тексеруден өтті, биыл 2,6 млн.ауыл тұрғынын тексеруге мүмкіндік туды. Қажетті дәрі-дәрмектердің қолжетімді болуы үшін шағын ауылдарда 233 дәріхана ашылды. Ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін мемлекеттік норматив қайта қаралып, қосымша 12 ФАП ашылды», - деп жалғастырды министр.

«Дені сау ұлт» ұлттық медициналық саммитің шеңберінде денсаулық сақтау қызметкерлерін келесі номинациялар бойынша салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

«Үздік стационар дәрігері» номинациясы бойынша «Қарағанды қаласының №2 көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ КМК ангиохирург дәрігері Сұлтанов Қалмақан Асыкбайұлы жеңімпаз атанды.

«Үздік медициналық-санитариялық алғашқы көмек дәрігері», номинациясы - Жүсіпова Динара Мырзабекқызы, Қызылорда облысы «Қармақшы аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК жалпы практика дәрігері бөлімшесінің меңгерушісі.

«Үздік кезек күттірмейтін көмек дәрігері» номинациясына Қостанай облысы, «Қостанай облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК жедел және шұғыл медициналық көмек дәрігері, басшы Подавец Юлиан Михайловичч ие болды.

«Үздік медициналық жоғары оқу орнының оқытушысы» номинациясы - Мусина Айман Аяшқызы, МУА Қоғамдық денсаулық және эпидемиология кафедрасының меңгерушісі.

«Үздік денсаулық сақтау менеджері» номинациясы – Ниязмағамбетова Айгүл Қожабекқызы,  Ақтөбе облысының «Облыстық перинаталдық орталық» ШЖҚ РМК денсаулық сақтау менеджері.

«Үздік медицина колледжінің оқытушысы» номинациясы -  Тьесова-Бердалина Раушан Амамбековна, ғылыми бөлім меңгерушісі, "Талғар жоғары медициналық колледжі"ШЖҚ МКК арнайы пәндер оқытушысы.

«Үздік денсаулық сақтау ғалымы» номинациясы - Фахрадиев Ильдар Рафисович, С. Асфендияров  атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ  Б. Атшабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институты басшысының орынбасары

« Үздік санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі дәрігер» номинациясы - Базаркулова Толқын Дүйсеғұлқызы, Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы.

«Үздік санитариялық–эпидемиологиялық сараптама маманы» номинациясы - Сағатова Мадиша Ескенқызы, ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы»  ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының аса қауіпті инфекциялар зертханасының меңгерушісі.

«Үздік медициналық-санитариялық алғашқы көмек мейіргері» номинациясы - Балғарина Тойған Ізбасарқызы, аға мейіргер, Ақтөбе қаласының «6 қалалық емхана» ШЖҚ МКК.

«Үздік денсаулық сақтау жас зерттеушісі» номинациясы - Қадырова Ирина Әділқызы, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ «Ғылыми-зерттеу зертханасы» аға ғылыми қызметкері.

«Үздік провизор» номинациясы - Чожикова Замзагүл Биахметқызы, «№ 6 қалалық емхана» ШЖҚ КМК провизоры, Алматы қ.

«Үздік ауыл дәрігері» номинациясы - Алшынбаева Меруерт Айдосқызы, ЖПД, Жаңаарқа ауданы ШЖҚ МБО КМК, Ұлытау облысы.

«Үздік стационар мейіргері» номинациясы - Троценко Ирина Владимировна,  Көкшетау қалалық көпсалалы ауруханасы ШЖҚ МКК анестезиология және реанимация бөлімінің аға мейіргері.

«Үздік денсаулық сақтаудағы әлеуметтік қызметкер» номинациясы - Аманова Айшат Таштиханқызы - әлеуметтік қызметкер, «Іле АОА» ШЖҚ МКК  «Жетіген СБ» мейіргері.

«Үздік ауыл мейіргері» номинациясы - Қожанова Айна Бахитқызы - аға патронаждық мейіргер, «Арал КАОА» ШЖҚ КМК жанындағы «Байтұрсынов»ауылдық емханасы.

«Үздік фельдшер»  номинациясы - Шәкіров Қанат Маханбетқұлұлы – «Жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК фельдшері.