ҮЙ-ЖАЙЛАРДЫ ҚАНДАЛАДАН САНИТАРИЯЛЫҚ ТАЗАРТУ: НЕЛІКТЕН ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАТАҢ САҚТАУ КЕРЕК

ҮЙ-ЖАЙЛАРДЫ ҚАНДАЛАДАН САНИТАРИЯЛЫҚ ТАЗАРТУ: НЕЛІКТЕН ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАТАҢ САҚТАУ КЕРЕК

Соңғы уақытта тұрғындардан тұрғын үй-жайларда қандаланың көбеюіне қатысты көптеген шағымдар келіп түсуде. Сонымен қатар, азаматтардың осы жәндіктерден тұрғын үй-жайларды өз бетінше тазарту фактілері жиі кездеседі, бұл адам денсаулығы үшін қауіпті.

Қазіргі уақытта Қазақстанда үйлерді қандаладан тазарту бойынша қызметтерді "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" ҚР Заңының шеңберінде мамандандырылған компаниялар ғана көрсетеді. Сонымен қатар, 2024 жылғы 1 шілдеден бастап осы қызметтің түрін лицензиялау енгізілетінін хабарлаймыз.

Алайда оларды тазарту үшін қолданылатын препараттар мемлекеттік тіркеуге жатады.

Халықтың денсаулығын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету үшін азаматтар мынадай ұсынымдарды білуі және есте сақтауы тиіс:

1) тазартуды өз бетінше жүргізуге, тіркелмеген, сондай-ақ ветеринария мен фитосанитарияға арналған препараттарды пайдалануға қатаң тыйым салынады;

2) қандаладан тазарту үшін мамандандырылған компанияларға хабарласу қажет;

3) мамандандырылған компаниялармен бірлесіп тазартк жүргізер алдында объектінің әкімшілігін (ПИК, МИБ және т. б.) және тұрғын алаңындағы, жоғарғы және төменгі қабаттағы көршілерін оны өткізу күні мен уақыты, қолданылатын құралдар мен сақтық шаралары туралы хабардар ету қажет;

4) мамандандырылған компаниялар желдеткіштер мен терезелер жабық болған кезде тазарту жүргізеді. Жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жай препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес мұқият желдетіледі, желдету жүргізілгенге дейін үйде қалмаңыз, бірақ препараттың әсер ету уақытында таза ауада серуендегеніңіз жөн.

Қандаладан өз бетіңізше тазарту сіздің және туыстарыңыздың денсаулығына зиян тигізуі, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!