Құрметті БАҚ өкілдері!

Құрметті БАҚ өкілдері!

2023 жылғы 10 қарашада Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында ҚР жетекші мамандары мен орфандық ауруларды диагностикалау және емдеу бойынша беделді көшбасшылардың қатысуымен «Орфандық аурулар. Диагностика мен емдеудің өзекті мәселелері» республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Бағдарламада: сирек кездесетін ауруларды диагностикалау мен емдеудің өзекті мәселелері бойынша баяндамалар.

Іс-шара шеңберінде  аутоиммунды аурулардың иммунологиялық диагностикасы бойынша мастер-класс өтеді.

Конференция жұмысының соңында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің қатысуымен денсаулық сақтау қызметкерлері үшін жұмыс кеңесі өтеді, онда орфандық аурулары бар пациенттерді диагностикалау, бағыттау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланады.

Мекен-жайы: Қазақстан, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 120, КІА ҒЗИ конференц-залы.

Күні: 2023 жылғы 10 қарашада сағат 09.00.

БАҚ-ты аккредиттеу мәселелері бойынша: Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ баспасөз қызметі, моб. тел.: 87017020346, эл.пошта: sulushash777@mail.ru