А. ҒИНИЯТ ЖӘНЕ ҚЫТАЙ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ДАМЫТУДЫҢ БІРҚАТАР БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСТІ

А. ҒИНИЯТ ЖӘНЕ ҚЫТАЙ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ  ДАМЫТУДЫҢ БІРҚАТАР БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСТІ

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният "BGI" Вице - президенті Нинг Ли мырзамен (ҚХР) кездесу өткізді, оның барысында денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың түрлі аспектілері талқыланды.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы шеңберінде дәстүрлі медицинада тәжірибені, жетістіктерді  алмасу жүзеге асырылатын, диагностикада заманауи практикалар мен шешімдерді, сондай-ақ инфекциялық ауруларды емдеуді пайдалана отырып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында жұмыс жүргізілетін Қазақстан-Қытай әріптестігінің маңыздылығын атап өтті.

Әңгімелесу барысында А. Ғиният биоинтеллектуалды зерттеулер, дербестендірілген медицина, геномдық редакциялау, молекулалық генетика және басқа да бағыттар бойынша жүргізіліп жатқан зерттеулерді зерттеуге қызығушылық танытты.

Тараптар медициналық білім беру, кадрлар даярлау және білім беру бағдарламаларын әзірлеу саласындағы өзара ынтымақтастық туралы уағдаласты. Сондай-ақ, қазақстандық тарап Астана медицина университетінің қатысуымен пилоттық жобаны іске асыруды ұсына отырып, неонаталдық скринингтер жүргізу тәжірибесін  алмасуға ниетті. Бүгінгі таңда саланы технологиялық дамыту үшін, медициналық деректерді өңдеу, аналитика, бағдарламалау, зертханалық зерттеулер саласында қажет сирек кездесетін медициналық емес мамандарды даярлау мәселесі қозғалды.

Қазіргі уақытта ҚР фармацевтикалық нарығында ҚХР-да өндірілген дәрілік заттардың 33 позициясы және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың 908 позициясы тіркелген. Сондай-ақ, Қазақстан азаматтарын COVID-19-ға қарсы вакцинациялау үшін қытайлық компанияларды тарту бойынша ынтымақтастық жүзеге асырылуда.