
Франция президенті Эммануэль Макронның Астанаға сапары шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар құжаттарға қол қойылды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Франция Республикасының Денсаулық сақтау және профилактика министрлігі бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастық жөніндегі ниеттер туралы Декларацияға қол қойды.
Тараптар қоғамдық денсаулық сақтау, профилактика, жаңғырту және денсаулық сақтау жүйелерін орнықты нығайту үшін ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасау ниеті туралы мәлімделген құжатқа қол қойды.
Халықтың шұғыл қажеттіліктерін қанағаттандырудан бастап, «бірыңғай денсаулық сақтау» тәсілін пайдалана отырып, санитариялық-эпидемиологиялық дағдарыстық жағдайлардың профилактикасы, дайындығын және оларға ден қоюды нығайтуға дейінгі міндеттердің кең ауқымын қамту ескерілді.
Бұл медициналық мамандықтарды оқытуды, дамытуды және тартымдылықты арттыруды, адам ресурстарын қолдау саласында өзара тәжірибе мен білім алмасуды қамтиды. Тараптар медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталықтарын нығайту, диспансерлер мен медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталықтарының тиімді менеджментін және басқару туралы уағдаласты.
Декларацияда инфекциялық емес аурулар, атап айтқанда, обыр саласындағы ынтымақтастық инфекциялық емес аурулардың профилактикасы және скрининг саясатын дамытуды қолдау, білім мен дағдылармен алмасу, сондай-ақ инфекциялық емес және онкологиялық ауруларды емдеу мәселелері бойынша қазақстандық және француздық мамандардың тәжірибе жинақтауы арқылы белгіленді.
Тараптар цифрлық денсаулық сақтау бойынша ұлттық жол карталарын әзірлеу негізінде цифрлық денсаулық сақтау саласындағы әріптестікке дайын екендіктерін білдірді.
Екі жақты ынтымақтастықты дамыту шеңберінде «Балаларды оңалту ұлттық орталығы» КеАҚ жоғары психомоторлы оңалту институты - ISPR-мен (Париж) ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Бұл құжаттың мақсаты - нейродаму бұзылыстары бар балалармен, неврологиялық бұзылулары және психикалық аурулары бар ересектермен жұмыс істейтін медицина қызметкерлерін психомоторлық терапияға үйрету болып табылады.
Психомоторлық оңалтудың жоғары институты - ISPR, Францияда орналасқан, психомоторлық терапевттерді даярлау және кәсіптік оқыту саласындағы ашушы және әлемдік көшбасшы болып табылады.
Сондай-ақ Францияда біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылады, бұл жергілікті медицина қызметкерлеріне әртүрлі тақырыптық бағыттар бойынша психомоторлық терапия саласында практикалық білім мен дағдыларды алуға, француздың жергілікті мекемелеріне баруға және емдеу мекемелеріндегі психомоторлық терапевттердің жұмысымен танысуға мүмкіндік береді.
Жергілікті мамандар психомоторлық терапия саласындағы білімдері мен дағдыларын тереңдету үшін қос тарап Францияда 2 жылдық магистрлік бағдарламаны құру бойынша жұмыс істейтін болады.
Қарағанды медицина университеті көптеген жылдар бойы Франция университеттерімен ынтымақтасып келеді. Эрасмус+ бағдарламасының қолдауымен түрлі жобалар, оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығы, Абай-Верн бағдарламасы шеңберінде ғылыми кадрлар даярлау жүзеге асырылуда.
Бүгін ҚМУ Лилль университетімен және Ципрево компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Болашақта Лилль университетімен дәрігерлерді даярлау үшін симмуляциялық оқытуды дамыту саласындағы ынтымақтастық жоспарлануда. Қарағанды медицина университетінің симмуляциялық технологиялар орталығы еуропалық медициналық білім беру қауымдастығы симмуляциялық оқыту саласындағы артықшылық орталығы ретінде танылды.
Лилль университетінің симмуляциялық оқыту орталығымен бірлесіп жаттықтырушыларды даярлау, студенттер мен оқытушылар алмасу жүргізіледі. ҚМУ молекулалық-жасушалық биология және медицина саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін клиникаға дейінгі зерттеулердің бірлескен ғылыми зертханасын құру, оқытушылардың ғылыми тағылымдамалары мен алмасуларын ұйымдастыру, ғылыми кадрларды бірлесіп даярлау жөніндегі міндеттерді айқындады.
Қарағанды медицина университетінде Франция университеттерімен әріптестікті дамыту үшін студенттер мен оқытушыларға арналған француз тілі курстары ашылды. Францияның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық еліміздің медицина ғылымы мен білімінің дамуына ықпал етеді, елдеріміз арасындағы достық байланысты нығайтады деп күтілуде.
«Астана медицина университеті» КеАҚ француз компанияларымен өзара түсіністік туралы үш меморандумға қол қойды.
France University Hospitals – International-мен өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде тағылымдамалар мен қысқа мерзімді тренингтер бағдарламаларын, академиялық және ғылыми алмасу бағдарламаларын және клиникалық зерттеу бағдарламаларын іске асыруды, жаңа медициналық технологияларды енгізуді, ауруханаларды жобалау, салу және пайдалану, бірлескен зерттеу бағдарламаларын іске асыруды қоса алғанда, денсаулық сақтау, медицина ғылымы және білім беру саласында тығыз ынтымақтастық орнату және дамыту жоспарлануда.
Телемедицина бойынша «C3Medical» компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде жобаны Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне одан әрі ауқымдай отырып, Солтүстік Қазақстан облысында телеконсультациялар бойынша пилоттық жобаны іске асыру көзделген. Бұл ынтымақтастықтың мақсаты Қазақстан Республикасының шалғай аудандарының тұрғындары үшін медициналық көмекке қолжетімділікті жақсарту болып табылады.
Сүт безі обырының скринингі бойынша «C3Medical» компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде Астана қаласының жекелеген емханаларында француздың технологиялық шешімі мен жасанды интеллектінің негізінде арнайы әдістемелердің қолдауымен маммографиялық суреттерді бейнелеу мен өңдеудің заманауи цифрлық жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру көзделген. Пилоттық жобаны іске асыру нәтижелері бойынша жобаны басқа медициналық ұйымдар мен өңірлерге одан әрі ауқымдау жоспарлануда. Бұл жобаны іске асыру сүт безі обырын диагностикалау мен емдеуді жетілдіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталған барлық меморандумдарды жасасу денсаулық сақтау жүйесі үшін кадрлар даярлаудың сапасын арттыруға және бағыттарын кеңейтуге, медициналық ғылым мен практиканың қазіргі заманғы жетістіктерін денсаулық сақтауға енгізуге, медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын кеңейтуге ықпал ететін болады.
«QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ және «Boehringer Ingelheim Animal Health» (BIAH) компаниясы BIAH Технологияларын пайдалана отырып, «OtarBioPharm» ЖШС (Холдингтің еншілес компаниясы) зауытының өндірістік алаңында аусылға қарсы вакцина шығару туралы стратегиялық әріптестік жасасуды жоспарлап отыр.
Ынтымақтастық нәтижелері бойынша Қазақстан аусылдан азат ел болуға, ХЭБ стандарттарына сәйкес келуге мүмкіндік алады, бұл елге етті шетелдік нарықтарға, оның ішінде ЕО елдеріне экспорттауға мүмкіндік береді.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният француз компаниялары мен дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен кездесулердің барысында стратегиялық әріптестіктің маңыздылығын және медицина кадрларын даярлау, онкология және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық, медициналық-санитариялық алғашқы көмек, сондай-ақ медициналық технологиялар мен инновациялар секторына инвестициялар тартудың маңыздылығын атап өтті.