В.ДУДНИК СҚО-ҒА ЖҰМЫС САПАРЫ БАРЫСЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ БАСЫМ МІНДЕТТЕРІН АТАП ӨТТІ

В.ДУДНИК СҚО-ҒА ЖҰМЫС САПАРЫ БАРЫСЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ БАСЫМ МІНДЕТТЕРІН АТАП ӨТТІ

Солтүстік Қазақстан облысына екі күндік жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник бірқатар медициналық объектілерді аралап, халықпен және азаматтық сектормен кездесу өткізді.

Облыстың медициналық ұйымының басшыларымен өткен кеңесте вице-министр  медициналық-санитариялық алғашқы қызмет (МСАК) ұйымдарында медициналық қызметтерді қамтуды кеңейту, ауылдық медицинаны дамыту, ана мен бала денсаулығын сақтау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту сияқты денсаулық сақтауды дамытудың басым бағыттарын белгіледі.

Ол өз баяндамасында атап өткендей, Солтүстік Қазақстан облысында 2023 жылы халықтың жалпы өлім-жітімі 9%-ға төмендеді, емханалар үшін 8,2 миллиард теңгеге және стационарлар үшін 7,2 миллиард теңгеге дәрілік заттарды сатып ала отырып, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсартуға баса назар аударылуда.

Облыста халыққа  медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін 279 объекті жұмыс істейді. Бұған 3 дербес емхана, 100 дәрігерлік амбулатория, 37 фельдшерлік-акушерлік пункт және 139 медициналық пункт кіреді. Барлығы 433 учаске бар, оның 66 - сы педиатриялық, 57-сі терапиялық және 310-ы ЖПД учаскелері. ЖПД әрбір учаскесіне жүктеме 1566-ны құрайды.

Петропавлдағы облыстық көпбейінді ауруханаға бару барысында проблемалық мәселелер, қаржыландыру және жергілікті денсаулық сақтау саласына қол жеткізу мәселелері талқыланды.

Облыстық перинаталдық орталықта вице-министр Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен және орталық қызметкерлерімен облыстық перинаталдық орталықтың әйелдер реанимациясы, балалар реанимациясы және перзентхана бөлімшесінің негізгі міндеттерін, жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелер үшін жағдай жасау туралы талқылады.

Содан кейін Петропавлдағы Оқушылар сарайында вице-министр өңір тұрғындарымен кездесу өткізді. Вице-министр өзінің кіріспе сөзінде денсаулық сақтауды дамытудың бірнеше басым бағыттарын атап өтті, бұл  медициналық-санитариялық алғашқы қызмет (МСАК) ұйымдарында медициналық қызметтерді қамтуды кеңейту, ауыл медицинасын дамыту, ана мен бала денсаулығын сақтау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" жобасын әзірледі.

Ол республикалық бюджеттен 2,5 млрд.теңге бөлінген объектілерді салу мен күрделі жөндеуді қоса алғанда, ұлттық жобаны қаржыландыру құрылымы туралы айтып берді. 2023 жылы медициналық техниканы сатып алуға 5,3 млрд. теңге көлемінде шығыстар жоспарланған.

Өңірді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 15,4 млрд.теңге бөлінді. Ағымдағы жылы ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық қызметтерді қаржыландыруға 66,4 млрд.теңге, оның ішінде ТМККК – 38,8 млрд. теңге, МӘМС – 27,6 млрд. теңге бағытталды. Жалпы республикалық бюджеттен өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуға 90 млрд. теңге бөлінді.

"Денсаулық сақтау министрлігінің басты міндеттеріне Қазақстан Республикасы Президентінің  "Әділетті Қазақстан – бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" платформасын іске асыру, Денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасын енгізу, медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін сақтандыру, онкологиялық қызметті жаңғырту, кәсіби тексерулерді кеңейту, ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін кәсіби және азаматтық қоғамдастықты біріктіру кіреді", – деп түйіндеді вице-министр.

Сапар қорытындысы бойынша Вячеслав Дудник брифинг өткізіп, өңір бойынша жұмыс сапарының қорытындысын шығарды.