МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН ҚР ДСМ ЖЕТЕКШІ БЕЙІНДІ МАМАНДАРЫНЫҢ БРИГАДАСЫ ШЫҚТЫ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН ҚР ДСМ ЖЕТЕКШІ БЕЙІНДІ МАМАНДАРЫНЫҢ БРИГАДАСЫ ШЫҚТЫ

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың жұмыс сапары  шеңберінде 1-3 қараша аралығында Маңғыстау облысына Батыс өңір халқына клиникалық-диагностикалық және емдік көмек көрсету үшін республикалық ҒЗИ, ғылыми орталықтар мен медициналық жоғары оқу орындарының жетекші бейінді мамандарының бригадасы барды.

Бригаданың құрамында ревматология (ересектер), акушерлік және гинекология, педиатрия, неонатология, онкогематология, кардиология (интервенциялық), кардиохирургия, неврология, нейрохирургия (балалар), хирургия (ересектер, балалар), психиатрия, инфекциялық аурулар және онкохирургия (абдоминалдық, бас және мойын ісіктері)бейіндері бойынша жетекші республикалық мамандар бар.

Сондай-ақ, өңірге С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінен-ҚР ДСМ бас штаттан тыс ревматологы (ересектер), ревматология кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Ғалымжан Тоғызбаев жіберіледі. Ұлттық кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының екі маманы - Алексей Колесников, рентгенэндоваскулярлық блоктың жетекшісі, Ғалымжан Сұлтанов, кардиохирург жіберілді.

 Бригаданың құрамында - онкогематолог Азат Қарабеков, Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың онкогематология және ТКМ орталығының аға ординаторы, А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығынан Оңласын Ибекенов, стратегиялық бөлімнің басшысы Әлия Аймамбетова, функционалдық диагностика бөлімшесінің дәрігері жіберіледі. Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығынан Айжан Ханаева, акушер-гинеколог, Әйгерім Камзина, неонатолог, Ұлттық нейрохирургия орталығының меңгерушісі Ғабит Өленбай, балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі, Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институты - Руслан Раскалиев, абдоминалдық онкология орталығының   онколог дәрігері, Ахметов Данияр, бас және мойын ісіктері орталығының онколог дәрігері,  Балаларды оңалтудың ұлттық ғылыми орталығы - Кенжебекова Мейрамгүл, психоневронологиялық бөлімшенің меңгерушісі жіберілді.

Үш күннің ішінде мамандар түрлі аурулары бар пациенттерге консультациялық қабылдаулар өткізеді, сондай-ақ бейіндік қызметтердің өзекті мәселелері бойынша оқыту семинарлары, дөңгелек үстелдер, дәрістер ұйымдастырылады.