
Республика күні - бәріміз үшін тәуелсіздік алумен, тарихи әділеттілікті қалпына келтірумен айқындалатын, туған жерге деген сүйіспеншілікті, патриотизмді білдіретін басты мереке.
Денсаулық сақтау тиімді әлеуметтік бағдарланған мемлекеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Біздің қиын-қыстау кезеңімізде - еліміздегі жағдайға әсер ете алмайтын пандемиядан кейінгі, әлемдегі күрделі экономикалық, геосаяси процестер жағдайында отандық денсаулық сақтаудың барлық буындары үйлесімді түрде жұмысын жалғастыруда.
Соңғы жылдары Мемлекет басшысының қолдауының арқасында отандық медицина айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Ел басшылығының ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту, ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы көрсеткіштерді жақсарту, онкологиялық көмек көрсетуді қоса алғанда, бейінді қызметтерді нығайту жөніндегі тапсырмалары жүйелі түрде орындалады.
Дәрігерлердің, орта медициналық персоналдың, денсаулық сақтау менеджерлерінің күнделікті еңбегінің арқасында медициналық көмек тұрғылықты жеріне қарамастан, әрбір қазақстандық үшін одан да сапалы және қолжетімді болады. Бұл реформаларда аурулардың алдын алуға және ерте диагностикалауға негізделген сақтандыратын медицинаны дамытуға ерекше рөл беріледі.
Жыл сайын жалақыны көтеру, тұрғын үй беру және көтермелеу арқылы медицина қызметкерлерінің әлеуметтік әл-ауқаты мәселелері шешілетіні қуантады.
Еліміздің медицина қызметкерлері мен барлық отандастарымызға ұлт денсаулығын жақсартуда табыс, отбасылық амандық, бейбітшілік пен жақсылық, өркендеу тілеймін және Отанымыздың болашағы жарқын болсын!
Ізгі нитепен, министр Ажар Ғиният!