А. ҒИНИЯТ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ МЕН МАЛЬТА РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ

А. ҒИНИЯТ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ МЕН МАЛЬТА РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ

Бүгін Астанада өткен МСАК жөніндегі жаһандық конференция шеңберінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният РФ Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Михаил Мурашко және Мальта Республикасының басшысы Кристофер Фернмен екіжақты кездесу өткізді.

Қазақстандық ведомство басшысы әңгімелесулерде Қазақстан ДДҰ-мен бірлесіп, МСАК денсаулық сақтау жүйесінің қызметтерін қамтамасыз етуде жетекші векторға айналуы үшін барлық мүмкіндікті жасап жатқанын және елде МСАК пациентке бағдарланған моделін одан әрі енгізуді жалғастыратынын атап өтті.

ҚР Үкіметі сапалы медициналық көмекке жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз етуге, профилактикалық медицинаны дамытуға, медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және медициналық қызмет көрсетуді жақсарту үшін технологияларды пайдалануға ұмтылады.

А. Ғиният бұдан әрі МСАК ұйымдастыру, ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту, Цифрлық технологияларды енгізу бөлігінде ресейлік әріптестерімен тәжірибе алмасу туралы айтып берді. Ол онкологиялық пациенттерді тиімді емдеуге арналған радиофармацевтикалық препараттарды өндіру бойынша Ресеймен ынтымақтастық бағытын ерекше атап өтті.

Мальта Премьер-Министрінің орынбасары және Денсаулық сақтау министрі Кристофер Фернмен екінші кездесу барысында Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Коалиция шеңберіндегі бірлескен жұмыстың аспектілерін және конференция барысында қабылданған шешімдерді талқылады.

«Коалиция құру көптеген елдер үшін денсаулық сақтау саласындағы дағдарыстардан қорғаудың бірінші желісі бола отырып, денсаулық сақтаудың сенімді және тұрақты жүйесінің негізі болып табылатын медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытудың жаңа серпініне ықпал етеді», - деп атап өтті А.Ғиният кездесу барысында.

Ол бірлескен жұмыс біздің елдеріміз арасындағы денсаулық сақтау саласындағы одан әрі сындарлы әріптестікке негіз болатынына сенім білдірді.