
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылғы 24 қазандағы Ulys Media порталында «Оба кезіндегі мереке: Ғиният форумды өткізуге қанша жұмсайды» атты мақалада жарияланған мәліметтер шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.
Сонымен, атап айтқанда Ulysmedia.kz мақаласында «осы конференцияның шетелдік қатысушыларына бизнес-класпен ұшуға, бес жұлдызды отелде тұруға, тамақтану мен трансферге төленді» деген дереккөзге сілтеме жасалған.
Денсаулық сақтау министрлігі қатысушылардың барлық ұшуға арналған шығыстары, олардың отелде тұруы өңірлік ДДҰ-ға мүше елдер делегацияларының өздерінің есебінен төленгенін, бұл шығыстардың бюджет қаражатына ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлайды. Іссапар шығыстары түріндегі осы баптар қатысушы елдердің және ДДҰ елдік офистерінің бюджеттерінде көзделген.
Бұдан басқа, ЕӨК-тің бұл отырысында ДДҰ тарапынан Қазақстанның денсаулық сақтау саласына 1,8 млн АҚШ доллары көлемінде инвестициялау туралы екі жылдық келісімге қол қойылатынын атап өткен жөн. Осылайша, қазақстандық тарап халықаралық ұйым тарапынан қаржылық және әдіснамалық қолдау алады.