МСАК БОЙЫНША ЖАҺАНДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА YOUTH4HEALTH ЖАСТАР ЖЕЛІСІ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ МӘЛІМДЕМЕСІ ҚАБЫЛДАНДЫ

МСАК БОЙЫНША ЖАҺАНДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА  YOUTH4HEALTH ЖАСТАР ЖЕЛІСІ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ МӘЛІМДЕМЕСІ ҚАБЫЛДАНДЫ

Кеше МСАК бойынша Алматы декларациясының 45 жылдығына, МСАК бойынша Астана декларациясының 5 жылдығына арналған МСАК бойынша Жаһандық конференцияның соңында форумға қатысушылар ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының Youth4Health жастар желісі, ДДҰ Жастар кеңесі, ДДҰ  МСАК жас көшбасшылар желісі өкілдерінен және ЮНИСЕФ жастар өкілдерінен қорытынды мәлімдеме қабылдады.

Конференцияны қорытындылай келе, ДДҰ басшысы Тедрос Гебрейесус  бірлескен күш-жігермен миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалуға және жалпы өмір сүру ұзақтығына әсер ететін МСАК жүйесін жақсартуға шақырды. Ол мемлекет МСАК-қа және жалпы денсаулық сақтау жүйесіне салынған инвестицияларды адамзаттың болашағына салынған инвестиция ретінде қабылдауы тиіс екенін атап өтті.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдеріміздің азаматтарының денсаулығын жақсарту ісіне ұжымдық ықпал ету нәтижесінде оң өзгерістерге үміт білдірді.

«Біз Астана медициналық-санитариялық алғашқы көмектің, МСАК саясаты мен практикасын талқылаудың елордасы болған маңызды тарихи оқиғаның куәсі болдық, Астана сіздерге, ДДҰ-ға мүше елдердің өкілдеріне, медицина қызметкерлеріне, жас ғалымдарға жүрегін айқара ашты.   Астана МСАК саласындағы шешім қабылдау орталығы мәртебесін растады», - деп атап өтті министр. 

Ол бірінші кезекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоғары деңгейдегі саяси міндеттемесі қаржыландыру тетіктерін жақсартуға және МСАК-ты цифрландыруды ілгерілетуге мүмкіндік бергенін атап өтті.

«Қазақстанның үлгісі медициналық-санитариялық алғашқы көмекті қалыптастыруда алға басатын жолды айқын көрсетеді», — деді ДДҰ Араб ел саясаты және денсаулық сақтау жүйелері бөлімінің директоры доктор Наташа Аззопарди-Мускат. "Конференцияда жастар түсінетіндей МСАК-тың болашағы туралы қорытынды мәлімдеме қабылданды. Біз  МСАК жастардың денсаулығы мен әл-ауқатына ықпал ету,  осылайша олар өмір бойы гүлденуі үшін оларға дұрыстап құлақ асуымыз керек", — деді ол.

«Біз өз заманымыздың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін денсаулық сақтау жүйелерін ауқымды трансформациялаудан басқа ештеңеге шақырмаймыз», — деп қорытындылады доктор Клюге.

«Қазіргі ұрпақ ретінде біз болашақ ұрпақ алдында біздің заманымыздың проблемаларына қарсы тұру және оларды шешу және барлығына сау, қауіпсіз болашақ құру үшін жұмыс істеу үшін жауаптымыз. Біз болашақта медициналық-санитариялық алғашқы көмекке бағытталған денсаулық сақтау жүйелерін көреміз, онда ынтымақтастық пен әділеттілікке басымдық беріледі, ал денсаулыққа құқықтар негізгі қағидатқа айналады. Бұл болашақта жастар тек бенефициарлар ғана емес, медициналық-санитариялық алғашқы көмек саласындағы белсенді әріптестер болады, олардың дауыстары күшейеді, ал медициналық-санитариялық алғашқы көмекті енгізу және жоспарлау кезінде олардың қажеттіліктері мен ұмтылыстары басты назарда болады», - делінген Жаһандық конференцияның қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемеде.