
24-26 қазанда Астанада ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясы өтеді, онда 53 елден Денсаулық сақтау министрлері мен сала сарапшылары қатысады деп күтілуде.
Форумға қатысушылар денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар, денсаулық сақтау және күтім жасау кадрлары, микробқа қарсы препараттарға көнбеушілік және Еуропа мен Орталық Азия үшін босқындар мен мигранттардың денсаулығы сияқты мәселелер бойынша таяу жылдарға арналған денсаулық сақтау үшін күн тәртібін айқындауға жиналады.
ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясының жұмысына ҚР Премьер-Министрі, ДДҰ бас директоры Т. Гебрейесус және ДДҰ Өңірлік директоры Х. Клюге, ДДҰ Еуропа өңірі елдерінің Денсаулық сақтау министрлері, ДДҰ сарапшылары мен денсаулық сақтау саласындағы мамандар деңгейіндегі 53 ресми делегациясы және т. б. қатысады деп күтілуде.