БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ҮШІНШІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОБЪЕКТІ САЛЫНДЫ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ҮШІНШІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОБЪЕКТІ САЛЫНДЫ

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасының шеңберінде Батыс Қазақстан облысында Сырым ауданы, Өлеңті ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді, онда барлығы 950 адам тұрады.

Стандарттарға сәйкес ФАП гинекологиялық кресло, 2 тоңазытқыш, кварц шамдары, 2 өлшеу құралы, аквадистилятор, кептіру шкафы, дивандар, манипуляциялық үстел, медициналық шкаф, жиһаз және кеңсе жабдықтары сияқты жаңа медициналық жабдықтармен жабдықталған.

Фельдшерлік-акушерлік пункт бір қабатты жеке ғимаратта жобаланған. Пациенттерді қабылдау үшін фельдшер кабинеті, акушер кабинеті, қарау кабинеті, ем-шара кабинеті, зарарсыздандыру кабинеті, егу кабинеті, оқшаулауыш, сүзгі-бокс, шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар, тіркеу орны, қақырық алу кабинеті, химизатор кабинеті көзделген.

ФАП жаңа ғимаратында ауыл тұрғындарын 2 мейіргер, 1 кіші буын қызметкері қабылдайды.       

Жаңа ғимараттың салтанатты ашылуына кент тұрғындарын БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Токсан Тоқсанов, аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов, аудандық аурухананың кураторы, «Қалалық көпбейінді аурухана» ШЖҚ МКК директоры Арман Мырзахметов, аудандық аурухананың директоры Сабыр Мендешев, аудандық мәслихаттың депутаты Шынар Дүйсенғалиева, «ИСКОМ» ЖШС директоры – Рафиг Мамедов, шақырылған қонақтар, Өлеңті ауылының тұрғындары және медицина қызметкерлері қатысты.

Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі пилоттық ұлттық жобаның шеңберінде салынған медициналық объекті ауыл тұрғындарына медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға арналған. Бұл - ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайту, онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау, скринингтік тексерулерді уақтылы жүргізу, бұл ауыл тұрғындарының өмір сүру ұзақтығын арттыруға ықпал етеді.