ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ UNITED IMAGING КОМПАНИЯСЫМЕН БІРЛЕСІП РАДИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТЕЛЕМЕДИЦИНА БОЙЫНША ТРЕНИНГ ОРТАЛЫҒЫН АШУҒА КЕЛІСТІ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ UNITED IMAGING КОМПАНИЯСЫМЕН БІРЛЕСІП РАДИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТЕЛЕМЕДИЦИНА БОЙЫНША ТРЕНИНГ ОРТАЛЫҒЫН АШУҒА КЕЛІСТІ

Бейжіңде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Мемлекет басшысы Си Цзиньпинннің кездесуі аясында "Бір белдеу және бір жол" Халықаралық ынтымақтастық форумында екі ел делегацияларының мүшелері бірқатар ресми құжаттарға қол қойды.

BGI Group медициналық-биология ғылымдары мен геномика саласындағы әлемдегі жетекші ұйымдардың бірі болып табылады. Оның бүкіл әлем бойынша 100-ден астам елде бизнесі бар.

Мәселен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен бүгін Астана медицина университеті мен Shanghai United Imaging компаниясының арасында жоғары өнімді заманауи радиологиялық жабдықтар мен сәулелік терапияны әзірлеуге және өндіруге маманданған, сондай-ақ радиология саласындағы зияткерлік цифрлық шешімдерді (AI) әзірлеумен айналысатын ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Shanghai United Imaging Healthcare компаниясымен Астана Медицина Университетінде радиология және телемедицина бойынша тренинг орталығын ашуға келісті. Аталған тренингтің шеңберінде әлемнің үздік мамандары дәрігерлер, оқытушылар мен студенттерге арналған тренингтер өткізеді.

Сондай-ақ, Астана медицина университеті, ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы және BGI Group компаниясының арасында ынтымақтастық туралы үшжақты Меморандум жасалды, оның мақсаты елордада геномдық зерттеулер институтын құру, аурулардың кең спектрін диагностикалау мен емдеуде геномдық технологияларды әзірлеу, енгізу және жетілдіру болып табылады.

Жоғарыда аталған барлық серпінді жобалар ҚР халқын диагностикалау мен емдеу сапасын жақсартуға бағытталған.