КІАҒЗИ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРТИФИКАТТАР АЛДЫ

КІАҒЗИ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРТИФИКАТТАР АЛДЫ

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ өзінің 5 білім беру бағдарламасына халықаралық сертификаттар алды, бұл жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жоғары сапасы мен резидентура студенттерінің даярлық деңгейін көрсетеді. 

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да құрылған күннен  - 1977 жылдан бастап денсаулық сақтаудың ғылыми және практикалық кадрларын даярлау табысты жүргізілуде. Мұнда дәрігерлер біліктілігін арттырады, қайта даярлаудан және жоғары оқу орнынан кейінгі оқудан өтеді. КІАҒЗИ резидентура арқылы ішкі аурулар саласында кадрлар даярлаудың клиникалық базасы болып табылады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру департаменті құрылды, оның кафедраларын белгілі ғалымдар, практика дәрігерлері, денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар басқарады. Ондаған жылдар бойы институтта дәрігерлік кадрлар (дәрігер, оқытушы, ғалым бір тұлғада) ұтымды пайдаланылып келеді, бұл олардың жоғары материалдық және кәсіби уәждемесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оқу үдерісінде ғылым, клиника және білім берудің үштұғырлығының халықаралық қағидаты сақталады.  

Ағымдағы жылы ҒЗИ Еуразиялық аккредиттеу және білім беру мен денсаулық сақтау сапасын қамтамасыз ету орталығы (ЕО) тарапынан білім беру қызметін бағалаудан кезекті рет сәтті өтті.

«Гастроэнтерология, аллергология және иммунология, ревматология, пульмонология, ересектер мен балалар терапиясы бойынша білім беру бағдарламалары аккредиттелген», - деді Басқарма Төрағасы Марат Пашимов. 

Орталықтың бас директоры МВА, м. ғ. д., профессор Сәуле Сәрсенбаеваның атынан КІАҒЗИ бірінші басшысын және бүкіл ұжымды, мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтуімен оқитын бөлімшелердің басшылары мен оқытушыларды құттықтап, ҒЗИ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз етудегі жетістіктерін, сондай-ақ Қазақстанның үздік медициналық ғылыми институттардың бірі ретінде орнықты дамуын көрсетті.

Басқарма төрағасының орынбасары Жәмила Қайбуллаеваның айтуынша, оң сараптамалық бағалауға бірінші кезекте институттың корпоративтік құндылықтары, сондай-ақ бірнеше мамандық бойынша резидентураның білім беру бағдарламаларын табысты іске асыру үшін клиникалық базалардың бірегейлігі әсер еткен.

Сарапшылар дәрігерлік практика мен ғылымдағы озық инновациялық технологияларды, түлектерге сұраныстың жоғары деңгейін, сондай-ақ білім беру саласындағы тұрақты жетілдіру процесін атап өтті. Олардың жұмыс берушілермен және түлектермен өткізген әңгімелесулері олардың даярлығы мен кәсіби білім алу сапасына жоғары баға берді. Жұмыс берушілердің пікірінше, ҒЗИ резидентурасының түлектері білімнің, практикалық дағдылар мен біліктіліктің жақсы деңгейін көрсетеді.