
Жамбыл облысындағы МСАК үздік практикалар орталықтары өз тәжірибелерін тек емханаларда ғана емес, өңірдің білім беру мекемелерінде де жобалайды. Аудандық орталық аурухана және Ю. Гагарин атындағы мектеп-лицей облыстық деңгейде «Саламатты мектеп – білімді ұрпақ» бірлескен жобасын құрды.
Іс-шараның негізгі мақсаты - оқушыларды саламатты өмір салтын ұстануға ынталандыру, денсаулықты нығайту, спортқа деген ынтасын арттыру, қарттар мен жастардың арасындағы патриотизм мен достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады.
Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Сейдахмет Чинибековтың айтуынша, «Саламатты мектеп - білімді ұрпақ» жобасы медициналық көмек көрсетуде әлеуметтік бағдарланудың, саламатты өмір салтын ұстанудың негізгі қағидаттарын қамтитын болады.
«Мұнда білімді және білікті педагогтар жұмыс істейді, сондай-ақ аудандық орталық аурухананың дәрігерлері мен мейіргерлері жоспарға сәйкес сапалы медициналық көмек көрсетеді», - деді ол өз сөзінде.
Сондай-ақ, еркін форматта оқушылармен кездесу және ұйымдастырылған спорттық жарыстардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шараның соңында аурухана мен білім бөлімі арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Жамбыл аудандық орталық ауруханасының «Үздік практикалар орталығының» бастамасымен «Айша бибі» емханасының базасында «Үздік практикалар шағын орталығының» ашылу салтанаты өтті.
Үздік практикалар орталығы медициналық мәселелерде сауаттылықты арттыру, негізгі аурулардың профилактикасы, жаман әдеттермен күресу, саламатты өмір салтын ұстану арқылы ауыл тұрғындарын сауықтыруға ықпал етеді.
Ашылу салтанатына облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова, «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығының президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Төлебай Рахыпбеков қатысты.