АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА САУАТТЫ ПАЦИЕНТ МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА САУАТТЫ ПАЦИЕНТ МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

Атырау облысында пилоттық режимде «Алғыс» сауатты пациент мектебі» өз жұмысын бастады.

Бұл жобаның мақсаты пациент пен дәрігердің арасында медиациялық көпір салу болып табылады. Жобаның міндеті пациенттер мен дәрігерлердің олардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін арттыру, сондай-ақ жанжалды және дағдарыстық жағдайлардан қалай дұрыс шығу керектігі туралы коммуникация дағдыларын игеру болып табылады.

Оқыту бағдарламасының шеңберінде мектепте дәрігердің пациенттермен өзара іс-қимылы, пациенттермен және дәрігерлермен жұмыс істеу психологиясы, пациенттердің шағымдарын талдау, аурулардың профилактикасы бағдарламасын әзірлеу, индикаторларды орындау бойынша аналитиканы қалай құру сияқты курстар оқытылады.

Қазіргі уақытта бұл жоба пилоттық режимде №4 Атырау қалалық емханасында және облыстық балалар ауруханасында өз жұмысын бастады. Алдағы уақытта өңірдің барлық медициналық ұйымдарында ауқымды болады.