
Бүгін 5 қазан ең маңызды және барлығымызды біріктіретін мереке - Мұғалімдер күнін атап өтудеміз.
Бұл ең жарқын ерекше күн - біздің мектептегі мұғалімдерімізге шынайы көңілмен ризашылығымызды білдіретін, алғашқы тәлімгерлерімізді еске алатын, медицинаға деген сүйіспеншілікті бойымызға дарытқан жоғары оқу орнындағы оқытушыларымызды еске алатын күн.
Біздің әрқайсымыздың өмірімізде жанымызға жақын мұғаліміміз болды, олардың есімдерін ерекше алғыс тұтып, жылулық сезіммен еске аламыз. Олар бізді білім еліне жетеледі, жаңа білім өмірімен таныстырды, мейірімділікке, адал болуға үйретті, жеке тұлға ретінде қалыптасуға, еліміздің белсенді, жауапты азаматы болуға тәрбиеледі.
Сіздердің қолдау көрсеткендеріңіз үшін, шыдамдылықтарыңыз бен түсіністектеріңізге, кәсібіңізге деген адалдықтарыңызға және оқушыларыңызға деген шексіз махаббаттарыңызға рақмет айтамын.
Мұғалім болу оңай еңбек емес, сондықтан Сіздерге денсаулық, үлкен шығармашылық шабыт және табыс тілеймін! Оқушыларыңыз үнемі құрметтеп жүрсін және бағаласын, сіздерді табыстарымен және жетістіктерімен қуантып, абыройларыңызды асқақта берсін!