
2023 жылғы 5-6 қазанда Астана қаласында «Жаһандану жағдайындағы инфекциялық аурулар: туындайтын мәселелер және оларды шешу жолдары» атты инфекционистер мен эпидемиологтардың III қазақстандық конгресі өтеді.
Конгресс ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «Астана медицина университеті» КеАҚ және ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК бірлесіп ұйыдастырады.
COVID-19 пандемиясы жұқпалы аурулардың құрылымы мен ағымына өзіндік түзетулер енгізді. Бүгінгі таңда SARS-Cov-2 вирусы аурудың ауыр емес түрлерін тудырады, вирусты эпидбақылау тұмау мен басқа ЖРВИ-ды мониторинг жасау жүйесіне біріктірілген, қызылша, көкжөтел сияқты вакцинамен басқарылатын инфекциялардың өзектілігі қайта жанданды, аса қауіпті инфекциялар – Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, сібір жарасы және құрсақішілік инфекциялар, атап айтқанда цитомегаловирустық инфекция (ЦМВИ) практикалық қызығушылық тудырады. Микроорганизмдердегі микробқа қарсы тұрақтылықтың дамуының эпидемиологиялық аспектілері маңызды болып келеді.
Жұқпалы аурулар бүкіл әлемдегі халықтың денсаулық жағдайын анықтайтын денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерінің бірі болып қала береді.
Конгрестің ғылыми бағдарламасы әр маман өзі үшін қызықты практикалық сұрақтарға жауап таба алатындай етіп құрылған және эпидемиологияның, вакцинопрофилактиканың, зертханалық диагностиканың, дәрілік терапияның және қазіргі кезеңдегі жұқпалы аурулар ағымының ең өзекті мәселелеріне арналған.
Конгресс аясында ғалымдарды ғана емес, тәжірибиелі дәрігерлерді де қызықтыратын тақырыптар талқыланады. Пандемиядан кейінгі басқа аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеудің күрделі және шешілмеген мәселелері бойынша деректер ұсынылады.
Бұл Конгресс – жаңа идеялармен, біліммен және зерттеулермен алмасуға арналған алаң. Ол бүкіл әлем бойынша кең ауқымды мамандарды біріктіреді, Конгресс аясында талқыланатын тақырыптар ғылыми қауымдастықты да, дәрігерлерді де қызықтырады.
Конгресс қорытындысы қазіргі заманғы инфекология саласындағы дәрігерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға жол ашады.
Конгерсс Астана қ., Сарыарқа даңғ. 4 мекенжайында Radisson қонақүйінде 5-6 қазан күндері өтеді.
БАҚ-ты аккредиттеу және барлық сұрақтар бойынша Бақтыгүл Бейілханқызына хабарласу қажет, тел. +7 705 424 2084.