
Астана қаласында 2023 жылғы 7-8 қазан күндері медицина ғылымдарының докторы, профессор Б. В. Афанасьевті еске алуға арналған "Қазақстанда сүйек кемігін трансплантациялауға 10 жыл" атты гематологтар мен онкологтарға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Гематологтар мен онкологтар онкогематологиялық аурулары бар пациенттерге арналған инновациялық шешімдер мәселелерін талқылайтын болады.
Спикерлер ретінде Қазақстаннан, Германиядан, Ресейден белгілі халықаралық, шетелдік және отандық сарапшылар қатысады.
Екі күн ішінде Форум аясында өтетін секцияларда онкогематологиялық аурулардың диагностикалау және емдеу мәселелері талқыланады:
- лимфопролиферативті аурулар;
- лейкоздар секциясы;
- миелопролиферативті ісіктер және қантүзілім депрессиялары және трансплантацияның асқынулары- трансплантаттың иесіне қарсы реакциясы.
Бұл конференцияны өткізудің негізгі мақсаты-қанның онкогематологиялық ауруларымен күресу, көпсалалы топтарда, білім беру және ғылыми мақсаттарда жұмыс істеу үшін аралас мамандықтағы дәрігерлерді біріктіру.
Сондай-ақ, конференция пациенттердің өмір сүру сапасы мен ұзақтығын жақсарту мақсатында қолданыстағы емдеу әдістерін жетілдіру үшін гематология ғылымының бірнеше мектебінің бірлестігі ретінде қызмет ететін болады.