АЛМАТЫДА «С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ БАЗАСЫНДА 2023 ЖЫЛҒЫ 28-29 ҚЫРКҮЙЕКТЕ «МЕНТАЛДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ. ПСИХОӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТІЛЕР» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ.

АЛМАТЫДА «С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ БАЗАСЫНДА 2023 ЖЫЛҒЫ 28-29 ҚЫРКҮЙЕКТЕ «МЕНТАЛДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ. ПСИХОӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТІЛЕР» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ.

Екі күнге Алматы дәлелдеудің жоғары деңгейі бар үздік әлемдік практикалардың негізінде психикалық денсаулықты сақтау және ілгерілету, ақыл-ой кемістігі бар адамдарды емдеу және оңалту мәселелері бойынша тәжірибе және пікір алмасу үшін диалог алаңына айналады.

Психикалық денсаулық қызметін ұйымдастыру мәселелеріне, психикалық бұзылулары бар адамдарды емдеудегі психотерапиялық және психофармакологиялық тәсілдерге ерекше назар аударылатын болады,

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – В. Ю. Дудник, басқарма төрағасы – «С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті»  КеАҚ ректоры - М. Е. Шоранов құттықтау сөз сөйлейді.

Конференцияның жұмысына «В. М. Бехтерев атындағы психиатрия және наркология ұлттық медициналық зерттеу орталығы» МБФ директоры - Н.Г. Незнанов, Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас психиатры - У. Х. Алимов, «Қазақстан Республикасының психикалық денсаулығы саласында жұмыс істейтін мамандар қауымдастығы» РҚБ президенті-     С. А. Алтынбеков, сондай-ақ, ҚР және жақын шет елдердің (Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан) ғалымдары қатысады.