АСТАНАДА АЛҒАШ РЕТ ПЕРИНАТАЛДЫҚ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСІ ӨТЕДІ

АСТАНАДА АЛҒАШ РЕТ ПЕРИНАТАЛДЫҚ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСІ ӨТЕДІ

Перинаталдық медицина мамандарының бірінші халықаралық конгресі алғаш рет Астанада 2023 жылғы 29 және 30 қыркүйекте өтеді, оның ұйымдастырушылары «ҚР Президенті Іс басқармасының ауруханасы» РМК мен  «Перинаталдық медицина мамандары» қоғамдық бірлестігі болды.

«Перинаталдық медицинаның заманауи аспектілері»  конгресінің мақсаты – нәресте  өлімін және балалардың мүгедектігін азайту үшін медициналық қоғамдастықтың ғылыми жетістіктерін, клиникалық тәжірибесі мен білімін біріктіру болып табылады.

Жақын және алыс шетелдерден келген перинаталдық медицина мамандары туа біткен ақаулар мен хромосомалық патологияны перинаталдық диагностикалау саласындағы жаңа жетістіктерімен бөлісу үшін жиналады.

Конгрестің тақырыптық бағыттарына хромосомалық патологияның жаңа ультрадыбыстық маркерлері, генетикалық аурулардың перинаталдық скринингінің заманауи аспектілері және оларды диагностикалау мен емдеу әдістері сияқты әртүрлі өзекті аспектілер кіреді.

Сондай-ақ, іс-шарада перинаталдық диагностикадағы жаңа тәсілдер, репродуктивтік технологиялардың имплантаттауға дейінгі диагностикадағы маңызды рөлі, инвазивті емес перинаталдық тестілеудің келешегі және басқа да көптеген өзекті тақырыптар талқыланады.

Сонымен қатар, 28 қыркүйекте Конгрестің шеңберінде хромосомалық патология мен перинаталдық скринингтің босанғанға дейінгі және постнаталдық диагностикасы саласындағы инновациялық шешімдерді ұсынатын мастер-кластар жоспарланған.

Форумның маңызды элементі денсаулық сақтау саласындағы соңғы әзірлемелер мен жетістіктер ұсынылатын медициналық көрме болып табылады. Бұл қатысушыларға пренаталдық  медицина мен денсаулық сақтауға байланысты соңғы технологиялармен және  өнімдермен танысуға мүмкіндік береді.

Конференцияның қорытындысы перинаталдық медицина саласындағы әлемдік жетістіктер туралы ең өзекті және заманауи ақпарат алатын ел мамандарының білімін кеңейту болады.

Конгресс Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 55/19 С3.4 блогы мекенжайында өтеді.