
Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының ішкі аудит қызметтерінің қатысуымен кеңес ведомство аппараты басшысының төрағалығымен өтті.
Кеңес барысында аудит объектілерінде анықталған жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктер, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың ішкі аудит қызметтерінің жұмысындағы проблемалық мәселелер талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының ІАҚ басшыларына аудит органдары анықтайтын типтік бұзушылықтар мен кемшіліктердің профилактикасы, жүргізілетін аудиторлық іс-шаралардың сапасын арттыру, ұйымның ішкі бизнес-процестерін жақсарту үшін ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ олардың орындалуына мониторингті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейту ұсынылды.