ҚАЗАҚСТАН САМАРҚАНДТАҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ САММИТТЕ ӨЗІНІҢ ҰЛТТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫН ҰСЫНДЫ

ҚАЗАҚСТАН САМАРҚАНДТАҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ САММИТТЕ ӨЗІНІҢ ҰЛТТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫН ҰСЫНДЫ

Бұл күндері Самарқандта Орталық Азия елдерінің туберкулезге қарсы күрес жөніндегі ұлттық бағдарламалар басшыларының саммиті өтуде.

Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ӨР-дегі өкілдігімен бірлесіп, Орталық Азия елдерінің дауыстарын осы тарихи оқиғаға біріктіру мақсатында туберкулезге қарсы күрес бойынша көшбасшылар саммитін ұйымдастырды.

Саммит техникалық деректермен алмасуға емес, туберкулезді жою жөніндегі идеялар мен білімдерді алмасуға арналады.

Іс-шараға Орталық Азияның барлық елдері - Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан қатысады. Қазақстан Республикасынан ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті әлеуметтік маңызы бар аурулар кезіндегі медициналық көмек басқармасының басшысы Гүлнар Мақсұтова құттықтау сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасының ұлттық туберкулезге қарсы бағдарламасын Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының (бұдан әрі - ҚР ҰҒФО) директоры Мәлік Әденов, ҚР ҰҒФО мониторинг және бағалау, эпидемиология, статистика және ақпараттандыру департаментінің маманы Ольга Приходченко ұсынады.

Саммит барысында әр елдің өкілдері БҰҰ Бас Ассамблеясының 2018 жылғы қарарында баяндалған міндеттемелерді орындаудағы ҒТП-ның қол жеткізген жетістіктері туралы баяндама жасайды.