
Ағымдағы жылдың басынан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссиясы бейінді қызметтер бойынша медициналық көмек көрсетудің 20-дан астам стандарттарын бекіту бойынша жұмыс жүргізді, нейрохирургия (ересектер), неврология (ересектер), акушерлік және гинекология, инфекциялық аурулар (балалар), оториноларингология сияқты басым бағыттар бойынша клиникалық хаттамалардың 35 жобасын мақұлдады, практикаға денсаулық сақтаудың 3 жаңа технологиясы енгізілді.
Ағымдағы жылдың соңына дейін Қазақстанның медициналық практикасын халықаралық стандарттарға жақындату жолымен медициналық көмек көрсетуді жетілдіру үшін тағы 180 клиникалық хаттамаға сараптама жүргізу жоспарлануда.
Қазіргі уақытта қолданыстағы клиникалық хаттамаларға клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген халықаралық тәжірибеде қолданылатын диагностика мен емдеудің заманауи әдістері енгізілген.
Дәлелді медицина қағидаттарына негізделген бұл жүйелі тәсіл емдеу мен профилактиканың тиімсіз әдістерін, диагностиканың аз ақпараттық әдістерін, қауіпті дәрілік заттар мен хирургиялық араласуларды қолдану жиілігін төмендетуге бағытталған.
Бүгінгі таңда ҚР практикалық денсаулық сақтау саласында 1000-нан астам клиникалық хаттама және бейіндік қызметтер бойынша (акушерлік және гинекология, педиатрия, онкология, пульмонология, неврология, гематология, Фтизиатрия, кардиология, кардиохирургия және басқалар) 40 стандарт қолданылады.
Медициналық көмек стандарттарын сақтау және клиникалық хаттамалардың ұсыныстарын орындау дәрігерлерге пациенттеріне сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.