СЕМЕЙ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯЛАР МЕН МАСТЕР-КЛАСТАР ӨТТІ

СЕМЕЙ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯЛАР МЕН МАСТЕР-КЛАСТАР  ӨТТІ

Семей медицина университетінің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында рентгендік-эндоваскулярлық хирургия, кардиохирургия, эндоскопиялық хирургия,  урология, жедел гинекология және басқалар бойынша ғылыми форумдар,  мастер-кластар өтті.

Қазақстанның рентгендік-эндоваскулярлық хирургтардың алғашқы съезд өтті, онда Қазақстандық интервенциялық кардиологтар мен рентгенхирургтер қоғамының президенті Оралбек Сахов құттықтау сөз сөйледі.

"Семей медицина университеті" КеАҚ Басқарма төрағасы-ректоры Алтай Дүсіпов Қазақстанның рентгендік-эндоваскулярлық хирургтар университетінің көрнекті түлектерін құттықтап, "Құрметті түлек" төсбелгісін табыс етті.

Съездің шеңберінде мастер-кластар өтті, олардың бірін Астрахань қаласының Жүрек-қан тамырлары хирургиясы федералдық орталығының жетекші маманы,   медицина ғылымдарының кандидаты Анатолий Ларионов жүргізді. Созылмалы окклюзия кезінде коронарлық қан ағымын қалпына келтіру үшін бірегей операциялар жасалды.

Сонымен, пациенттердің біріне коронарография жасалды және коронарлық арнаның қос тамырлы зақымдануы анықталды. Тамырдың созылмалы окклюзиясын қайта арналау, баллондық ангиопластика, тамырды стенттеу операциясы жасалды. Арнайы аппаратураның көмегімен бақылау үшін зардап шеккен аймаққа тамырішілік ультрадыбыстық зерттеу жүргізілді. Операция сәтті аяқталды.

Еліміздегі ең көне медициналық университеттің мерейтойын мерекелеу  шеңберінде  тағы да бірқатар қызықты іс-шаралар жоспарланған.