БҚО-НЫҢ ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРЫНДА ҮШ ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ

БҚО-НЫҢ ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРЫНДА ҮШ ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ

Жаңажол, Сарман және Шабдаржап ауылдарындағы Ақжайық аудандық ауруханасының үш медициналық пункті күрделі жөндеуден кейін ауыл тұрғындарына есігін айқара ашты.

Салтанатты ашылу рәсіміне Ақжайық ауданының әкімі Қалияр Айтмұханбетов пен Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тоқсан Тоқсанов қатысты.

Жаңа жабдықталған ғимараттардың ішінде халыққа сапалы медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдайлар жасалған – жаңартылған жиһаз, медициналық кушеткалар, шкафтар қойылған. Қосымша кеңсе жабдықтарын сатып алу көзделген. Бұл шаралар пациенттер үшін де, медицина қызметкерлері үшін де жайлылықты жақсартуға бағытталған.

Жаңажол ауылындағы медициналық пункт 290 адамға қызмет көрсетеді, Сарман ауылында - 169 адам және 562 ауыл тұрғыны Шабдаржап ауылында медициналық көмек ала алады.

Ауылдық жерлердегі медициналық мекемелерді жаңа медициналық жабдықтармен жабдықтау ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмекке қол жеткізуге мүмкіндік береді.