
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен "С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" КеАҚ-ның 2028 жылға дейінгі даму бағдарламасы қабылданды.
Осы бағдарламаға сәйкес университетте ғана емес еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде де ғылыми әлеуетті одан әрі дамыту үшін жағдайлар жасалатын болады. Сонымен, атап айтқанда, бұл университеттің QS WUR әлемдік рейтингіндегі ұстанымы сақталады деп болжайды; "ҚазҰМУ" КеАҚ ғылыми-зерттеу қызметі және ғылым, білім, клиника және басқару (менеджмент) бағыттары бойынша қызметті интернационалдандырудың негізінде халықаралық академиялық және ғылыми қоғамдастыққа интеграциялау күшейтіледі.
Тиімді басқару және орнықты даму жөніндегі міндеттерді табысты шешудің келесі шарты "ҚазҰМУ" КеАҚ және оның қызметінің жекелеген бағыттарын трансформациялау болады. Бұл бағытта даму процестерін стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару, бизнес-процестерді реинжиниринг әдістерін енгізу жоспарлануда.
Сондай-ақ қаржыландыру көздерін әртараптандыруды, оның ішінде эндаумент-қорды құру мен дамытуды, бизнес-процестерді құруда цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалануды, серіктес ұйымдардың зияткерлік, кадрлық және инфрақұрылымдық ресурстарын тартуды, бенчмаркингті, брендті позициялауды және дамытуды, имиджді нығайтуды, инфрақұрылымды жаңғыртуды жүзеге асыру көзделеді.