АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ЖЕДЕЛ ЖӘНЕ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК БРИГАДАЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ЖЕДЕЛ ЖӘНЕ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК БРИГАДАЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Жедел медициналық көмек қауымдастығымен бірлесіп, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы ұйымдастырған жедел және шұғыл медициналық көмек бригадаларының республикалық спартакиадасының салтанатты ашылуы өтті.

Спартакиада қатысушыларының алдында Министрліктің, әкімдіктің және Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының, сондай-ақ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының өкілдері құттықтау сөз сөйледі.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Басқарма Төрағасы Тимур Мұратов Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі жедел медициналық жәрдем қызметінің маңыздылығы мен мәнін атап өтті. Шұғыл медицина қызметкерлеріне алғысын білдіріп, спартакиаданың барлық қатысушыларына табыс пен жеңіс тіледі.

Биыл спартакиадаға еліміздің барлық өңірлерін ұсынатын 20 команда қатысуда.

Спартакиадаға қатысушылар берілген ситуациялық жағдай шеңберінде жедел көмек көрсету бойынша бірнеше клиникалық станциялардан өтеді.

Әрбір тапсырма үшін манекендер мен стандартталған пациенттерді пайдалана отырып, нақты жағдайға барынша жақын клиникалық станция дайындалды.

Бригадаларды бағалау кезінде топтық жұмыс, қызметкерлердің уақыт пен кеңістікте шектелген жағдайларда пациенттің өмірін сақтау үшін оңтайлы шешімдер қабылдау қабілеті, медициналық көмекті ұйымдастыру мен көрсетуде тактикалық шешімдер қабылдауда толықтығы, үйлесімділігі мен жеделдігі ескерілетін болады. Спартакиаданың құзыретті қазылар алқасының құрамына медицина саласындағы белгілі мамандар кірді.

Сонымен қатар, жарысқа қатысушылар Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасының Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының жұмысымен танысады. Сондай-ақ, спартакиадаға қатысушылар үшін шұғыл медициналық көмек көрсетудің халықаралық стандарттары бойынша мастер-класс өткізілетін болады.

Бұл спартакиада жедел медициналық жәрдем қызметінің қызметкерлері арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді, шұғыл медициналық көмек көрсету саласындағы табысты тәжірибенің мысалдарымен алмасады.

Бүгінгі таңда республиканың жедел медициналық жәрдем қызметі 20 дербес станциядан, 108 қалалық қосалқы станциядан және 289 аудандық бөлімшеден тұрады. 2023 жылдың 7 айында  "жедел жәрдем" бригадалары 4, 7 миллионнан астам шақыруларға қызмет көрсетті.

Іс-шараның демеушілері: "Ainalamed" ЖШС (WEINMANN Emergency Medical Technology, Spencer Italia srl, GS Elektromedizinische Geräte G. Stemple GmbH), "Банк ЦентрКредит" АҚ, "WDSOFT" ЖШС, "Астана-Моторс "мотор компаниясы" ЖШС, "Hyundai Auto Kazakhstan".