
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы жауапты кураторлары Шығыс Қазақстан облысындағы көп бейінді мониторингтік топ жұмысының қорытындысы бойынша азаматтарды қабылдады.
Қабылдаудағы әйелдер жүкті әйелдер мен балаларға медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасына қатысты сұрақтар көтерді. Ведомство мамандары барлық мәселелер бойынша түсініктемелер берді.
ШҚО ДБ-ға жүкті әйелдер мен балаларға медициналық көмектің сапасын жақсарту, қолжетімділікті арттыру, облыстық және республикалық клиникалардың базасында аудандық мамандардың тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету ұсынылды.
2-6 тамыз аралығында Шығыс Қазақстанда Өскемен қаласындағы №2 ҚЕ, "Ем-алу" ҚЕ, "Ана мен бала орталығы", Риддер қаласының перзентханасы, Күршім, Зайсан, Алтай, Шемонаиха және Глубокое аудандарының ОАА-да болған ҚР ДСМ дәрігерлері мен кураторларының мониторингтік көп бейінді тобы жұмыс істегенін естеріңізге сала кетейік.
Мониторингтің қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары Ирина Смиттің қатысуымен Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аудандарында жүкті әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге медициналық көмек көрсетуді жетілдіру және ана өлімін азайту бойынша көшпелі штаб өткізілді.