
Осы күндері ШҚО-да "Ана мен бала орталығында" "Балалардағы аз инвазивті хирургия" тақырыбында сарапшылардың қатысуымен балалар хирургиясы бойынша мастер-класс өтті.
Мастер-класс өткізуге медицина ғылымдарының докторы, профессор, РҒА корреспондент-мүшесі, Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері, Мәскеу қаласының бас балалар хирургы, Ресей балалар хирургтары қауымдастығының президенті, Н.И. Пирогов атындағы РҰЗМУ балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі Александр Юрьевич Разумовский шақырылды.
Оның басшылығымен және жеке өзі Ресей мен әлем үшін бірегей бірқатар операцияларды жүргізді, сонымен қатар мыңдаған кішкентай пациенттердің өмірін сақтап қалды. Хирургия бойынша 500-ден астам ғылыми жұмыс пен 25 монографияның авторы.
Мастер-класс медицина ғылымдарының докторы, "Астана" седицина университетінің профессоры Владимир Игоревич Котлобовскийдің бастамасымен өтті. Ол 2015 жылдан бастап қазақстандық эндоскопиялық хирургтар қауымдастығын (ҚЭХҚ) басқарады. Халықаралық балалар эндохирургтары қауымдастығының (IPEG), американдық эндоскопиялық гинекологтар қауымдастығының (AAGL), американдық гастроэнтерологтар қауымдастығының (SAGES), Ресей эндоскопиялық хирургтар қоғамының (РЭХҚ) мүшесі.
Владимир Котлобовский Ақтөбе медициналық орталығының эндохирургиялық қызметінің басында тұр, 350 ғылыми жарияланымның авторы. Авторлық ұжымдардың мүшесі 4 монография, өнертабысқа 12 патент иегері.
Ол балалар хирургиясында, гинекологияда және жалпы хирургияда эндохирургтарға даярлық бойынша Батыс Қазақстан мектебін құрды.