ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕР ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕР ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша айдарды жалғастыра отырып, Денсаулық сақтау министрлігі "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылып жатқан Қостанай облысындағы медициналық объектілердің құрылыс жұмыстарының барысы туралы хабарлайды.

Ұлттық жоба алдағы екі жылда 655 медициналық объекті салуды көздейтінін естеріңізге сала кетейік.  Сонымен, 2023 жылға 99 медициналық объекті салуға қаражат бөлінді.

Жаңа объектілерді салу нәтижесінде шамамен 1 млн.ауыл тұрғыны  медициналық-санитариялық алғашқы көмекпен қосымша қамтылады, МСАК-тың қолжетімділігін арттыру (профилактикалық тексерулер, скрининг, ерте анықтау), уақтылы медициналық көмек көрсету, асқынулардың профилактикасы қамтамасыз етіледі.

Ағымдағы жылы Қостанай облысында құрылыс-монтаж жұмыстары басталған 6 медициналық объектінің құрылысы жоспарланған. Бұлар Ұзынкөл ауданының Ершовка және Федоров ауданының Придорожное ауылдарындағы фельдшерлік-акушерлік пункттер, сондай-ақ Қостанай ауданының Октябрьский кенті мен Владмировский ауылындағы, Лисаковск қаласының Октябрьский кенті және Әулиекөл ауданының Тимофеевка ауылындағы дәрігерлік амбулаториялар.