
2023 жылғы 10-11 тамызда Ақмола облысы, Бурабай кенті, «Wyndham Garden Burabay» қонақ үйінде жыл сайынғы «Шипажай-2023» VIII Халықаралық ғылыми-практикалық форумы өтеді.
«Шипажай» форумы - жыл сайынғы әмбебап іс-шара, оның мақсаты денсаулық сақтау жүйесінің, атап айтқанда санаторийлік-курорттық саланың мүдделі ұйымдарын бір алаңда біріктіру болып табылады.
Форум санаторийлік-курорттық емдеуді ұйымдастыру, озық практикаларды қолдану, бар проблемаларды анықтау және оларды шешу жолдарын айқындау, санаторийлік-курорттық саладағы ұйымдастырушылық, кадрлық, зияткерлік және ғылыми мәселелер бойынша тиімді тәжірибе алмасу алаңы ретінде қызмет етеді.
Форумға курортология саласындағы қазақстандық және халықаралық сарапшылар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, оңалту орталықтарының, санаторийлік-курорттық ұйымдардың өкілдері, фармацевтикалық компаниялар мен медициналық жабдық өндірушілер қатысады.
Форум жұмысының шеңберінде минералды сулар, емдік балшық, климат; диагностикалық, емдік және қосалқы жабдықтар; емдік және профилактикалық тамақтану; аnti-age технологиялары мен өнімдері; косметология және эстетикалық медицина; SPA және Wellness; фармацевтикалық құралдар мен диеталық қоспалар; компьютерлік және ақпараттық технологиялар; жағажай жабдықтары; жиһаз; бассейндер; спорт залдары; тамақ блоктарының жабдықтары; жарнама; көлік; жолдамаларды іске асыру; медициналық және әлеуметтік сақтандыру; санаторийлерді жобалау, салу және абаттандыру; медициналық менеджмент, технологиялық жобалау; кадрларды даярлау және қайта даярлау; консалтинг; медициналық және курорттық әдебиеттер бағыттары бойынша шақырылған Қазақстанда және шетелде әзірленген заманауи технологиялар көрмесі жоспарлануда.
Мүдделі тараптарды форум жұмысына қатысуға шақырамыз.
Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыстар бойынша хабарласуға болады-Марлан Есілбаев, ұялы телефон: +77472392953, электрондық пошта: marlanyessilbaev@gmail.com