
ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Нұрлан Заркешұлы Ысқақов ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Нұрлан Ысқақов 1978 жылы Омбыда дүниеге келген. Ақмола мемлекеттік медицина академиясын, "Тұран Астана" университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Алматы менеджмент университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының мейіргері болып бастаған.
1999-2002 жылдары Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері болып жұмыс істеді.
2002-2007 жылдары-Астана қаласы Денсаулық сақтау департаментінің Апаттар медицинасы бөлімінің бас маманы, Апаттар медицинасы орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің бастығы.
2007-2008 жылдары-Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау департаменті ауылдық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы, бас маманы.
Содан кейін әр жылдары санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының сарапшысы, емдеу-санаторийлік көмекті ұйымдастыру басқармасының және Президент істері басқармасы Медициналық орталығының ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді.
Президент істері басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының клиникалық-оңалту кешенінің медициналық технологияларды енгізу бөлімін, Президент істері басқармасы Медициналық орталығының "Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы" АҚ президенті болып басқарды.
2017-2020 жылдары - "Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы"АҚ туристік дестинацияларды дамыту департаментінің директоры.
2020 жылы "СҚ-Фармация" ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
2022 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Денсаулық сақтау министрлігінің "Салидат Қайырбекова атындағы ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы" ШЖҚ РМК Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.