
Астанада 27 және 28 шілдеде Қазақстанның астанасына тәжірибе алмасу үшін Ресей, БАӘ, Қытай, Түркия және Германиядан келетін шетелдік сарапшылардың қатысуымен медицина мамандары үшін ең ірі білім және тәжірибе алмасу болып табылатын «Травматология мен ортопедиядағы инновациялар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Ірі медициналық диалог алаңдарының бірінде Қазақстанның, сондай-ақ алыс және жақын шетелдердің медициналық мекемелерінің практикасында қолданылатын жаңа білім мен тәжірибе талқыланатын болады.
Жас дәрігерлер үшін мұндай кездесулер шетелге шықпай-ақ бірінші дәрежелі жұлдыздармен, профессорлармен, алыс және жақын шетелдердің ірі орталықтарының басшыларымен танысуға және олардың тәжірибесін қабылдауға мүмкіндік туғызады.
Жас мамандардың қызығушылығын арттыру үшін жүлделі орындар үшін ақшалай сыйақымен «Батпенов оқулары» атты жас ғалымдар конкурсы өткізіледі.
Бағдарламада Ресей, Қытай, Түркия, Германия, Өзбекстан, Үндістан, БАӘ әріптестерінен күрделі операциялардың мастер-кластар жоспарланған.
БАҚ өкілдері үшін келесі мәселелер көтеріледі:
Интервьюдің спикерлері:
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ғиният Ажар Ғиниятқызы
Академик Н.Ж. Батпенов атындағы ҰТОҒО директоры Бекарисов Олжас Сапаргалиевич
Басқарма төрағасы –Астана медицина университетінің ректоры Надыров Камалжан Талғатұлы
Ғылыми медициналық қызметті дамыту және оған жас мамандардың қатысуы мәселелері бойынша БАҚ үшін Академик Н.Ж. Батпенов атындағы ҰТОҒО директорының ғылыми жұмыс және стратегия жөніндегі орынбасары Арман Нұрланұлы Батпенов айтып береді.
Сондай-ақ БАҚ үшін шетелдік спикерлер мен Қазақстаннан жетекші мамандар даярланады.
Конференция Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, «Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК, «Астана медицина университеті» КеАҚ, академик Нұрлан Батпенов атындағы қоғамдық қордың қолдауымен өтеді.
Өткізу орны: Астана қаласы, Бейбітшілік 49а,
«Астана медицина университеті» КеАҚ
Күні мен уақыты: 27 шілде, 10:00
Тіркеу үшін:
Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығы ның баспасөз қызметі.
+7 705 504 55 59
+7 771 830 78 49