КУРОРТОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ ҰЛТТЫҚ АКРЕДИТТЕУДЕН СӘТТІ ӨТТІ

КУРОРТОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ ҰЛТТЫҚ АКРЕДИТТЕУДЕН СӘТТІ ӨТТІ

ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты денсаулық сақтау сапасы бойынша аккредиттеуден сәтті өтті. Институтқа Ұлттық аккредиттеудің 2-санаты берілді.
Медицинадағы аккредиттеу – бұл денсаулық сақтау мекемесінің халыққа медициналық көмек көрсету деңгейінің жоғары екендігін ресми растау болып табылады.

Ұлттық стандарттар бойынша ұйымдағы барлық бөлімшелер мен процестер бағаланады. Бұл стратегиялық және операциялық жоспарлау, емдеу және пациенттерге күтім жасау, пациенттердің қауіпсіздігі, ғимараттар, инфекцияны бақылау, сапа, қауіптер мен ресурстарды басқару, пациенттердің құқықтары, қоғаммен байланыс, кадр саясаты және т.б.

Аккредиттеу медициналық ұйымның белгіленген сапа стандарттарына сәйкестігін растайды. Сондықтан медициналық мекемеде аккредиттеу сертификатының болуы қызмет көрсету сапасының жоғары стандартын, пациент үшін жайлылық пен қауіпсіздікті көрсетеді.

Қазіргі әлемде медициналық көмектің сапасы жалпы еліміздің денсаулық сақтау саласының табысты жұмысын айқындайтын маңызды аспектілердің біріне айналуда.

ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты құрылған күннен бастап пациенттердің қолайлы және қауіпсіз сауығуын қамтамасыз ету үшін озық медициналық технологиялар мен тәжірибені ұсынуға ұмтылуда.
Аккредиттеуден сәтті өту – бұл медицина мамандарының, әкімшілік персоналдың және мекеме басшылығының өз жұмысына берілгендігінің нәтижесі.

Бұл институттың медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға үнемі ұмтылу қабілетін көрсетеді.
Емдеудің озық әдістерін, инновациялық технологияларды және заманауи басқару тәсілдерін енгізу институтқа медициналық жетістіктердің алдыңғы қатарында қалуға мүмкіндік береді және әрбір пациент үшін ең жақсы сапаны қамтамасыз етуге үлес қосады.