
Бүгін Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша бөлімшесінің өңірлік директорының орынбасары Октавиан Бивол мырзамен кездесу өткізді.
«Біздің ЮНИСЕФ-пен денсаулық сақтау саласындағы негізгі әріптес ретінде ынтымақтастығымыз өзара тиімді нәтижелер әкеледі және балалар мен жасөспірімдердің психикалық саулығы, медициналық-санитариялық алғашқы көмек, патронаждың прогрессивті моделі және денсаулық сақтау саласының басқа да көптеген аспектілері шеңберіндегі өзекті мәселелерді шешуге ықпал етеді»,-деп атап өтті бірінші вице-министр.
Тараптар ЮНИСЕФ пен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы ынтымақтастықтың Елдік бағдарламасын, саламатты даму мен білімге баса назар аудара отырып, ерте шақтағы балалардың даму және мониторинг кезеңдеріне қатысты ата-аналар мен мамандардың хабардар болуын арттыру және практикалық білімін арттыру стратегиясын әзірлеуді талқылады.
ЮНИСЕФ пен Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің үлкен ортақ жобасы үйде патронаждық сапарлардың әмбебап прогрессивті моделін енгізу болып табылады. Бұл модель балалар мен нәрестелер өлімін, шала туылу мен сырқаттанушылықты азайтуға бағытталған, бұл оның артықшылықтарын дәлелдеді.
Сонымен қатар, 2023 жылы жүзеге асырылып жатқан маңызды бірлескен жобалар балалар мен жасөспірімдердің психикалық әл-ауқаты саласындағы ұлттық саясат пен бағдарламаларды әзірлеуді ілгерілету және қолдау, жоспарлы иммундау туралы хабардарлықты арттыру, Usupport платформасы арқылы жасөспірімдерге психикалық денсаулық пен психоәлеуметтік қолдау бойынша цифрлық қызметтерді ұсыну және ілгерілету, заңнамалық базаны нығайту, соның ішінде дамуды мектеп оқушыларының арасында семіздік пен артық салмақтың профилактикасы үшін мектептегі тамақтану стандарттарын енгізу, өмірлік маңызды дәрі-дәрмектерді, антиретровирустық препараттар мен вакциналарды сатып алуды ұйымдастыру болып табылады.
Сондай-ақ Т.Сұлтанғазиев ЮНИСЕФ-тің Өңірлік бөлімшесіне ағымдағы жылдың 22-23 қазанында Астана қаласында өтетін Алматы Декларациясының қабылдануының 45 жылдығына және МСАК бойынша Астана Декларациясының қабылдануының 5 жылдығына арналған Медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша Жаһандық конференцияны өткізу бойынша әріптес ретінде сөз сөйлейтіні үшін алғыс айтты.
Бірінші вице-министр бұдан әрі әріптестікті жалғастыруға және халықтың денсаулығын сақтауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық пен қолдау білдірді.