КІАҒЗИ-ДА РУМЫНИЯ КАРДИОЛОГЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН РОТАБЛАЦИЯ БОЙЫНША МАСТЕР-КЛАСС ӨТТІ

КІАҒЗИ-ДА РУМЫНИЯ  КАРДИОЛОГЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН РОТАБЛАЦИЯ БОЙЫНША МАСТЕР-КЛАСС ӨТТІ

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да Румыниядан келген жетекші интервенциялық кардиолог және рентгенолог Marin Postu қатысуымен ротациялық коронарлық атерэктомия (ротаблация) бойынша мастер-класс өтті.

Мастер-класқа Алматы қаласы мен ел өңірлерінің рентгенхирургтары жиналды.

Ротациялық  коронарлық атерэктомия - жоғары жылдамдықты гауһар бүріккішпен роторлық бур арқылы коронарлық артерияның стенозды зақымдануын жоюдың заманауи әдісі. Ротаблатор атеросклеротикалық кальциленген бляшкалары бар артериялардың өткізгіштігін қалпына келтіруге арналған.

Операция кезінде дәрігерлер жүректің «тасқа айналған» тамырларын бұрғылайды, олар құбыр тәрізді кальцийленген әкпен жабылған. Ротаблациясыз стентті толығымен ашу, сонымен бірге тамырдың толық саңылауы  мен қан ағымын тиісті түрде қалпына келтіру мүмкін емес.

Ротаблация - қатты және кальциленген атеросклеротикалық бляшкаларды емдеудің өте тиімді революциялық әдісі. Бірақ ем-шара  ауыр асқынуларға толы болғандықтан, оны сараптамалық деңгейдегі клиникаларда жоғары білікті тәжірибелі дәрігер орындауы керек.

«Мастер-класс шеңберінде 2 күн ішінде жүректің ишемиялық ауруы, коронарлық артерияның созылмалы окклюзиясы, кальциленген зақымдануы бар 50-ден 73 жасқа дейінгі пациенттерге бірнеше операция жасалды», - дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басқарма төрағасы Марат Пашимов.

«Медицина бір орында тұрмайды. Біз - дәрігерлер күн сайын дамып, уақытпен қатар жүруіміз керек. Сондықтан біз өз қызметкерлеріміз үшін осындай іс-шараларды үнемі ұйымдастырып отырамыз, оларды жетекші шетелдік медициналық орталықтарға жібереміз, осындай мамандармен ынтымақтасып, өзімізге шақырамыз», - деп атап өтті ол.

«Бұл арнайы техникалар мен материалдарды қолданатын операцияның өте күрделі түрі. Барлық операциялар сәтті орындалды. Мен мұнда мұғаліммін деп айта алмаймын, біз өз тәжірибемізбен бөлісеміз. Осы бағыт бойынша мен 10 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Жаңалық - біз ең заманауи материалдарды қолдандық. Негізінде, мұндағы дәрігерлер мұны қалай жасау керектігін біледі, бірақ бұған дейін оларды іс жүзінде қолданбаған. Сондықтан мені оларды қайда және қашан пайдалану керектігін көрсетуге шақырды», - дейді румындық қонақ.

Рентгенендоваскулярлық оперблок меңгерушісі Алексей Колесниковтың айтуынша, ротабляция коронарлық стенозбен ауыратын науқастарды эндоваскулярлық емдеудің балама әдісі бола алады. Бұл пациент үшін барлық қауіптер мен қолайсыздықтармен көлемді ашық операциядан аулақ болады.

Тері астындағы коронарлық интервенцияларда айналмалы атерэктомияны қолдану сонымен қатар асқынулардың даму қаупін азайтуға, коронарлық стенозбен ауыратын пациенттердің  өмір сүру сапасын сақтауға және жақсартуға мүмкіндік береді, пациенттерді  емдеуге жатқызу ұзақтығын қысқартады.