
Бүгін Денсаулық сақтау министрі АҚШ-тың ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Даниэль Розенблюм мырзамен кездесу өткізді, оның барысында денсаулық сақтау саласындағы бірлескен жобалар, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық, қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ денсаулық сақтаудағы жаһандық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
«Денсаулық сақтау мәселелері ең жоғары саяси деңгейдегі маңызға ие болып отыр, бұған ағымдағы жылдың қыркүйегінде Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясы шеңберінде жоғары деңгейдегі үш отырыстың өткізілуі дәлел бола алады», - деп атап өтті министр.
А. Ғиният БҰҰ Ген Ассамблеясында ДСҚЖҚ бойынша жоғары деңгейдегі отырыс барысында денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамту арқылы МСАК туралы интерактивті панельдік пікірталас ұйымдастырудың және халықаралық деңгейде МСАК дамыту мәселелеріне жұртшылық пен саяси қайраткерлердің назарын аудару үшін мемлекеттер коалициясын құру арқылы МСАК бойынша Астана декларациясын ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, министр ДДҰ, СДС, ЮСАИД сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамытудың ерекше рөлін атап өтті.
Әңгіме соңында А. Ғиният Дэниел Розенблюм мырзаны және американдық әріптестерін Алматы Декларациясының қабылдануының 45 жылдығына және Астана МСАК Декларациясының қабылдануының 5 жылдығына (2023 жылғы 22-23 қазан) және Астана қаласында өтетін ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 73-сессиясына (2023 жылғы 24-26 қазан) арналған Жаһандық конференцияға шақырды.
Ведомство басшысы кездесу үшін АҚШ елшісіне алғысын білдіріп, елдердің арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілік танытты.