А.ҒИНИЯТ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

А.ҒИНИЯТ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Жетісу облысына екі күндік жұмыс сапарымен келді.   

Сапардың бірінші күні ол Ескелді аудандық орталық ауруханасының жұмысымен танысып, Шымыр ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға, облыстық перинаталдық орталыққа, Талдықорған қалалық көпбейінді ауруханасына баруды жоспарлап отыр.

Медициналық объектілерді аралау соңында министр Жетісу облысының медициналық ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізеді.

Сапардың екінші күнгі бағдарламасында өңірдің тұрғындарымен және азаматтық секторымен кездесулер, азаматтарды жеке қабылдау және республикалық және облыстық БАҚ журналистеріне арналған брифинг жоспарланған.