ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ПРЕНАТАЛДЫҚ ДИАГНОСТИКАНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЗЕРДЕЛЕУДЕ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ПРЕНАТАЛДЫҚ ДИАГНОСТИКАНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЗЕРДЕЛЕУДЕ

Бұл күндері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс генетигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Г. Әбілдинова және пренаталдық ультрадыбыстық диагностиканың үйлестірушісі медицина ғылымдарының докторы Ж. Құрманғали бастаған өңірлік штаттан тыс генетик дәрігерлер мен ультрадыбыстық диагностика мамандары бар еліміздің 20 облысынан және қалаларынан келген пренаталдық диагностика мамандарының тобы Санкт-Петербург  қаласындағы (РФ) Д.О. Отт атындағы Акушерлік, гинекология  және репродуктология ҒЗИ базасында (РФ) оқытылуда.

Осы бейіннің мамандары, олардың тек 50 дәрігері біліктілігін арттырады, жаңа білім алады және туа біткен кемістіктері мен хромосомалық патологиясы бар балалардың тууын азайту мақсатында тәжірибе алмасады. Оқыту курстары "Қазақстан Халқына" қоғамдық қорының  қаржылай қолдауымен және ҚР ДСМ АБДСД жетекшілігімен ұйымдастырылды.

Курсқа қатысушылар пренаталдық скринингтің өзекті әдістерін белсенді түрде талқылайды (биохимиялық және ультрадыбыстық, біріктірілген қауіпті есептеу), жүктіліктің бірінші және екінші триместріндегі хромосомалық кемістіктердің ультрадыбыстық маркерлерінің маңыздылығын зерттейді, инвазивті пренаталдық диагностиканың негіздерімен  (хорион талшықтары, плацентоцентез, амниоцентез, кордоцентез) танысады.

Сонымен қатар, оқыту барысында ұрық материалын зерттеудің цитогенетикалық, молекулалық-цитогенетикалық әдістерін (ФИШ әдісі), молекулалық-генетикалық әдістерді (ПТР, КФ-ПТР, толық экзомалық реттілік) қолдану ерекшеліктері оқытылады.

Курсанттар курс оқытушыларымен бірлесіп клиникалық жағдайларды талдайды, ұрықтың туа біткен кемістіктері мен генетикалық патологиясын анықтау кезінде жүкті әйелдердің тәсілі мен қадағалап-қарау; пренаталдық диагностикадағы медициналық-генетикалық консультация беру ерекшеліктері, пациенттерді бағыттау мәселелерін белсенді талқылайды. Ультрадыбыстық диагностика мамандары инвазивті ем-шараларға қатысты.