ШҚО-ДА ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ШҚО-ДА ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ШҚО-да Мемлекет басшысының  «Әділетті мемлекет.  Бір ұтас ұлт. Біркелкі қоғам» Жолдауында белгіленген «Аауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруға кірісті.

Сонымен,  ұлттық жобаны іске асыру таяудағы екі жылда ауылдарды медициналық инфрақұрылыммен, оның ішінде шалғайдағы жету қиын ауылдармен қамтамасыз етуді, аудандық ауруханаларды көп бейінді медициналық мекемелердің деңгейіне дейін жаңғыртуды, мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін және ауыл тұрғындарын скринингпен қамтуды ұлғайтуды, медициналық ұйымдардың базасында елді мекендерде дәріхана пункттерін құруды, кадр мәселелерін шешуді және ауылда медициналық көмекті дамытудың басқа да бірқатар бағыттарын көздейді.

Жалпы ұлттық жобаны іске асыру үшін екі жылдың  ішінде 655 объекті салу жоспарланған.

Бүгінгі таңда 99 МСАК объектісінің құрылыс-монтаждау жұмыстарын (ҚМЖ) жүргізуге қаражат бөлінді.

Шығыс Қазақстан облысында ұлттық жобаға сәйкес 19 МСАК объектісі бойынша құрылыс жоспарланған.

Бүгінгі таңда ШҚО-ның 11 объекті жЖер жұмыстары сатысында (нөлдік цикл), 8-ден құрылысты кедергісіз бастау үшін құжаттамалық қамтамасыз ету жүргізілуде.