ҚҰРМЕТТІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!

ҚҰРМЕТТІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтайды!

Қазіргі технологиялық әлемде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі арта түсуде, әртүрлі форматтағы медиа коммуникацияның маңызды бөлігіне айнала отырып, адамдардың өміріне және әрбір адамның санасына тереңдеп енуде.

Өйткені, теледидардың, интернет-порталдардың міндеті - аудиторияны ақпараттандыру және консультация беру ғана емес, сонымен бірге қоғамды негізгі құндылықтар төңірегінде шоғырландыру, барлық деңгейлерде денсаулық сақтау идеологиясын насихаттау, белгілі бір мағынада терапиялық функцияны орындау.

Біз бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің, ең алдымен журналистер еңбегінің қаншалықты күрделі және жауапты екенін білеміз. Біз сіздердің денсаулық сақтау саласына деген тұрақты қызығушылықтарыңызды, салалық мәселелерге қатысты белсенді азаматтық және кәсіби ұстанымдарыңызды жоғары бағалаймыз.

Шынында да, сіздердің әрбір сұрауларыңыздың артында отандастарымыздың өмірі мен денсаулығына, жас ұрпақтың болашағына, саламатты өмір салтын ұстануға қамқорлық бар.

Сіздердің кәсіби мерекелеріңізге орай жемісті ынтымақтастығыңыз үшін алғыс білдіреміз, бірлескен күш-жігермен біз қазақстандықтардың денсаулық көрсеткіштерін жақсарта аламыз деп үміттенеміз.

Барлық БАҚ өкілдеріне зор денсаулық, шығармашылық табыс, үлкен  аудитория және амандық тілейміз!