ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНДЕ ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНДЕ ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Іс-шараның салтанатты бөлігі барысында Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы Батырбек Әбділдин Мемлекеттік қызметтің ел өміріндегі маңыздылығын атап өтіп, жауапкершілікке, адамгершілікке және кәсібилікке баса назар аударды.

Батыр Сұлтанұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде өткен іс-шарада марапатталған мемлекеттік қызметті дамытуға елеулі үлес қосқан әріптестерінің жетістіктерін атап өтті.

Іс-шараның шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері "Үздік мемлекеттік қызмет" төсбелгілерімен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар, жас мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру мақсатында Министрліктің Алғыс хаттарымен жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген қызметкерлердің ата-аналары марапатталды.

Сонымен қатар, мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш кірген мемлекеттік қызметшілер ант берді. Б. Әбділдин оларға табыс пен карьерлік өсуді тіледі.