
2023 жылғы 22-23 маусымда Астана қаласында гастроэнтерологтарды: Бибігүл Ілиясова мен Юрий Шумковты еске алуға арналған "Gastro hepato Transplant News-2023. Аутоиммундық қиылыстар: бауыр және ішек. ВЗК өзекті. Гепатологиядағы гемостаз" Қазақстанның гастроэнтерологтарының VI Ұлттық конгресі өтеді.
Конгресті Астана қаласының Ұлттық ғылыми онкология орталығы және "Gastro hepato Transplant Group KZ"гепатологтар / гастроэнтерологтар қауымдастығы өткізеді.
Қазіргі кездегі гепатология және гастроэнтерология саласындағы ең өзекті мәселелер қаралатын болады. Қарқынды дамып келе жатқан медицина ғылымдары бауыр ауруларын диагностикалау мен емдеуде, оның ішінде бауырды трансплантаттау қажеттілігі ашылатын озық кезеңдерде, Қазақстанның екі жетекші трансплантат-орталықтары сарапшыларының қатысуымен бауырды трансплантаттауға пәнаралық тәсіл ашылады, модератор: ҚР АМН академигі, профессор Ж.А. Досқалиев, А. Н. Сызғанов атындағы "ҰҒХО" АҚ Басқарма төрағасы, ҚР ДСМ бас штаттан тыс трансплантологы, профессор Б.Б. Баймаханов. Колопроктологтармен бірлесіп ішектің асқынған ауруларын емдеуде гендік-инженерлік терапияның және сабақтастықтың жаңа режимдері талқыланатын болады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өткізілетін Конгрестің жұмысына Германия, АҚШ, Қазақстанның спикер-профессорлары, жетекші сарапшылары қатысады. Қатысушылардың қатарында ҚР өңірлерінен гастроэнтерологтар, инфекционистер, гепатологтар, УДЗ дәрігерлері, эндоскопистер, онкологтар, хирургтар, трансплантологтар, терапевттер және жалпы практика дәрігерлері тіркелген.
Алғашқы екі күнде қатысушылар панелдік сессияларға, семинарларға қатысу арқылы гастроэнтерология және гепатология саласындағы білім деңгейін арттыра алады.
Өтетін орны: Қазақстан, Астана қ., Сары Арқа к-сі, 4, "Radisson Hotel Astana" қонақ үйі.
Қатысушыларды тіркеу уақыты: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өткізілетін Конгресс жұмысына Германия, АҚШ, Қазақстанның спикер-профессорлары, жетекші сарапшылары қатысады. Қатысушылар қатарында ҚР өңірлерінен гастроэнтерологтар, инфекционистер, гепатологтар, УДЗ дәрігерлері, эндоскопистер, онкологтар, хирургтар, трансплантологтар, терапевттер және жалпы практика дәрігерлері тіркелген.
Алғашқы екі күнде қатысушылар панельдік сессияларға, семинарларға қатысу арқылы гастроэнтерология және гепатология саласындағы білім деңгейін арттыра алады.
Өтетін орны: Қазақстан, Астана қ., Сары Арқа к-сі, 4, "Radisson Hotel Astana" қонақ үйі.
Қатысушыларды тіркеу уақыты: 09-00-ден 9-30-ға дейін.
Салтанатты ашылу уақыты: 09-30-дан 10-00 минутқа дейін.
Талқыланатын мәселелер тек академиялық қызығушылықты ғана емес, сонымен қатар ұсынылған әдістердің практикалық маңыздылығын да анықтайды.
Конгресстің үшінші күні Ұлттық ғылыми онкология орталығының базасында "Гастроэнтеролог мектебі" аясында мастер-класс жоспарланған болатын GHTG.KZ :"Асцит және лапароцентездің ультрадыбыстық диагностикасы" тақырыпта, онда спикер сөз сөйлейді:
- Есмембетов К.И., м. ғ. к., Гастроэнтерология клиникасының гепатологы/гастроэнтерологы/реаниматологы, зат алмасу ауруларыжәне қарқынды медицина, Ахен университеттік клиникасы (Ахен қ., Германия), профессор, Ұлттық ғылыми онкология орталығың консультанты, Астана қ., Қазақстан.
Өтетін орны: Ұлттық ғылыми онкология орталығы, Астана, Керей және Жәнібек хан көшелері, 3.
Постерлік құжаттарды ұсыну туралы, сондай-ақ VI Ұлттық конгреске қатысу туралы қосымша ақпаратты: қауымдастықтың жауапты хатшысы: Наталья Владимировна Сатликова, конт. Тел.: +7 701 489 68 04, email: ghtg.astana@gmail.com.
Whatsapp нөмірі бойынша бақ аккредиттеу: +7 778 700 43 24, Алуа Жарылқасынқызы Мырзаханова.