
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник Израильден келген делегациямен кездесті. Израильдік сарапшылар тобын құрметті консул Д. Люксембург мырза басқарды.
Қазақстан тарапынан кездесуге Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық Травматология және ортопедия ғылыми орталығының мамандары, Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау және медициналық ұйымдар басқармасының өкілдері, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында ұзақ емдеуді қажет ететін күрделі хирургиялық аурулары бар пациенттерді басқарудың өзекті мәселелері талқыланды. Израиль ғалымдары халықаралық практикада кеңінен қолданылатын жаңа инновациялық әдісті ұсынды, ол жауыр жараны қоса алғанда, күрделі және созылмалы емделмейтін жараларды, диабеттік табан жараларын, аяқтың веноздық жараларын, артериялық жараларды және т.б. емдеуге бағытталған.
Кездесу қорытындысы бойынша Министрлік Қазақстанда жаңа технологияны енгізуді қолдады және Израиль тарапымен инновациялық хирургия саласындағы одан әрі ынтымақтастық бағыттарын айқындады.