АҚТӨБЕДЕ АҒЗА ДОНОРЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТРАНСПЛАНТАТТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНАДЫ

АҚТӨБЕДЕ АҒЗА ДОНОРЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТРАНСПЛАНТАТТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНАДЫ

2023 жылғы 21 маусымда Ақтөбе қаласында Батыс Қазақстан медицина университеті КеАҚ-да "Ағза  донорлығы және трансплантаттаудың өзекті мәселелері" тақырыбында конференция өтеді.

Іс-шараны ҚР ДСМ трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталық ұйымдастырады.

Конференцияның бағдарламасында трансплантология саласындағы жетекші отандық және шетелдік мамандардың, мемлекеттік құрылымдар өкілдерінің сөз сөйлеуі, сондай-ақ ағзаларды трансплантаттаудан кейінгі адамдар мен  диализдегі пациенттердің арасындағы республикалық спорттық жарыстардың ашылу салтанатына қатысу көзделген.

Іс-шара Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68, "БҚМУ" КеАҚ, ғылыми кеңес залы, 2-қабат мекенжайы бойынша өтеді.

Қосымша ақпарат алу үшін +77472392953 Марлан Есілбаевтың телефонына хабарласуға болады